Бет күтіміне арналған маска

Бет күтіміне арналған маска

Аруларымыздың көбі «аралас типті бетке қандай күтім жасауға болады?» деген сұрақты жиі қояды. Сондықтан назарларыңызға сәйкес келетін масканың жасалу жолын ұсынамыз:

Сізге 2 аспирин таблеткасы, бір шай қасық бал мен бірнеше тамшы су қажет болады.

Аспиринге бірнеше тамшы су құйып, 10-20 секунд күтеміз. Оған шай қасық балымызды қосып, араластырамыз. Масканы бетке бір тегіс етіп жағу керек.

10 минут өткен соң скраб ретінде пайдаланамыз. Жуып, тоникпен сүртеміз. Одан кейін ылғалдандырғыш иісмайын жағу керек.

Көздің айналасына масканы жақпағаныңыз абзал.

Масканы екі күнде бір рет пайдалануға болады. Бір аптадан кейін нәтижесін байқайсыз. Теріңіз жаңарып, безеулер де азаяды. Сондай-ақ беттегі ұсақ тесіктер тазарып, қара дақтан да арыласыз.

Екінші рецепт. 1 ас қасық ұнтақталған табиғи кофе мен 1 ас қасық қаймақты араластырыңыз. Масканы бетке уқалап жағыңыз. 15 минуттан кейін жылы сумен, содан соң салқын сумен жуып тастаңыз.

Үшінші рецепт. Жұмыртқаның саруызын 1 ас қасық алма немесе жүзім шырынымен араластырыңыз. Бұл қоспаға 1 шай қасық нәрлендіргіш иісмай мен 1 шай қасық өсімдік майын қосыңыз. Алдымен бетіңізді жөке (липа) тұнбасымен сүртіп, содан соң масканы жағыңыз. 5 минуттан соң тағы бір қабат жағыңыз. 10-15 минуттан кейін дымқыл сүлгімен не мақтамен сүртіп тастаңыз.

Сұлу да сымбатты болыңыз, арулар!

Сурет: ©Рамиль Магдеев

Оқи отырыңыз:

Бетке арналған лифтинг маскалары #2

Бетке арналған лифтинг-маскалары

Косметикалық мұз дегеніміз не?

Бетке арналған масканы үй жағдайында жасау #2

Ф. Абилова