Иісмайдың зияны бар ма?

Иісмайдың зияны бар ма?

Өзіңіз күнделікті қолданатын иісмай, опа,далаптың құрамында не бар екені туралы ойланып көрдіңіз бе?

Иісмайды жағу, теріні күте білуді үлкен мәдениет деуге болады. Корей, жапон халықтары дене күтіміне қатты мән береді. Оны өнердің бір түріне айналдырады. Олар бала кезден бастап, қартайғанға дейін дене күтімін жүйелі түрде жүргізеді.

Біздің де осы халықтардан үйренгеніміздің еш артықшылығы жоқ деп ойлаймын. Әрине барлық жастағы адамдарға арналған денені күту құралдардан кенде емеспіз. Алайда соңғы кезде косметолог мамандар сапасыз косметикалық заттардың қаптап кеткеніне алаңдаулы. Мұндай иісмайлар теріні бүлдіріп, әжім түсіріп қана қоймай, сонымен қатар қанға өтіп, бүкіл ағзаны улайды. Сол себепті алдыңғы қатарлы косметологиялық кәсіпорындар кейінгі кезде иісмай, опа, далаптардың құрамына химикатты емес, органикалық заттарды қосып жүр.

Косметикалық заттарды сатып алмас бұрын шығарылу мерзіміне ғана емес, құрамына да назар аударыңыз. Егер сыртында химиялық атаулар (мысалы, парабен, фталат, глютен, т.б.) жазылған болса, онда ақшаңызды бекерге шығындамағаныңыз абзал. Ең дұрысы, косметолог маманға барып, оның кәсіби кеңесін алғаныңыз жөн. Себебі әркімнің терісі әртүрлі. Құрбыңыз алған косметикалық зат сізге жарамауы мүмкін.

Сурет: medvoice.ru

Оқи отырыңыз:

Табиғи косметика: шаштың түсуін емдейтін маскалар

Безеуден құтылудың амалы

Косметика жайлы қызықты фактілер

Жігіттердің арманындағы ботагөз ару болу оңай ма?

Ф. Абилова