Бетке арналған лифтинг маскалары #2

Бетке арналған лифтинг маскалары #2

Бетті тазалаудың әртүрлі әдістері бар. Бұл жолы назарларыңызға сан түрлі лифтинг-маскаларының жасалу жолдарын ұсынамыз.

1. Крахмал маскасы. 1 шай қасық крахмалға 1 шай қасық сүт пен шай қасық бал қосып, араластырамыз. Қоспаны көздің айналасына тигізбей, бетіңізге жағыңыз. 10 минуттан соң салқындау сумен жуып тастаңыз. Содан соң мұзбен бетіңізді сүрткеніңіз абзал.

2. Сұлы маскасы. Сұлы қауызын ұнтақтап, жұмыртқаның саруызымен араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 10-15 минуттан соң жуып тастаңыз.

3. Мандарин маскасы. Қаймақ, лимон қабығының үгіндісі мен мандариннен 1 шай қасықтан алып, қоспа дайындаймыз. Бетке жағып, 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастаймыз.

4. Қызанақ маскасы. 2 ас қасық томат шырыны мен 2 ас қасық бидай ұнын араластырып, бетіңізге жағыңыз. Масканың үстіне мақтадан жасалған майлық/қағаз жауып қойыңыз. 15-20 минуттан соң масканы жуып тастаңыз.

5. Картоп лифтинг-маскасы. 1 картопты қайнатып, езбе жасаңыз. Оған кілегей мен күнжіт майын қосып, араластырыңыз. Жылы күйінде бетке жағып, құрғағанынша күтіңіз. Құрғаған бойда тағы бір қабат масканы жағыңыз. Осы әдіспен сіз үш қабат жағуыңыз керек. Соңғы қабат құрғағаннан кейін минералды сумен жууыңызға болады. Бұл масканы аптасына 2-3 рет жасаған абзал.

6. Жаңғақ маскасы. Қабығын алып, лимонды блендерге салып, ұсақтаңыз. 1 шай қасық жаңғақ, 4 шай қасық сүт пен жұмыртқаны араластырып, қоспа дайындаңыз. Оған алдын ала дайындаған лимонды қосып, бетке жағыңыз. 20 минуттан соң салқындау сумен жуу керек.

7. Құрғақ бетке арналған лифтинг-маскасы. Кішкене қаймақтан алып, 1 шай қасық балтозаңмен араластырыңыз. 20 минуттан кейін қоспа көтерілуі керек. 3 езілген құлпынай мен шабдалы шырынынан бірнеше тамшыны қоспамен араластырыңыз. Бетке жағып, 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.

8. Жүзжылдық маскасы. "Жүзжылдық" өсімдігін ұсақтап кесіп, фольгамен ораңыз. Тоңазытқышқа салып, 2 аптаға қалдырыңыз. Уақыты келгенде ол желеге айналады. Шыны банкаға салып қойыңыз. Бетіңізге иісмай жағып, сіңгеннен кейін желені жағыңыз. 15 минуттан соң салқындау сумен жуу керек.

Сурет: terra-women.com

Оқи отырыңыз:

Бетке арналған лифтинг-маскалары

Косметикалық мұз дегеніміз не?

Бетке арналған масканы үй жағдайында жасау #2

Бетке арналған масканы үй жағдайында жасау

Ф. Абилова