- Негізгі бет
- Аспаздық
- Студент тамақ пісірерде...
Студент тамақ пісірерде мына нәрселерді есте ұстасын
Оқушы кезде дайын тамақты ғана ішіп, ас үйге жоламаған болсаңыз, бұл дағдымен қоштасатын уақыт жетті. Өз күніңізді өзіңіз көріп, ешкімнің көмегіне зәру болмай өмір сүруді үйренетін бірден бір кезең – студенттік шақ.
Қазір интернетте неше түрлі мәзірлер бар. Қай тағамның мәзірін қай тілде қарасаңыз да оңай тауып, қайталап жасауға болады. Аспаздық өмірге енді кіріскен адамға ас үйде бәрі жаңа, бәрі жат. Мына «алтын қағидаларды» қаперіңізге түйіп алмасаңыз, сізден жақсы аспаз шықпайды.
Жұмыртқа қуырғанда табаның қақпағын жаппаңыз. Асты жабыспай, жақсы пісуі үшін жұмыртқаны аузы ашық табада қуырамыз.
Ботқа не кеспе дайындағанда тұзды су құйғаннан кейін ғана салған жөн.
Борщ пісіргенде ет пісіп болған соң бірден қызылша мен сәбізді салып жіберіңіз. Себебі, олар басқа көкөністерге қарағанда ұзағырақ піседі.
Шикі жұмыртқаны қайнаған суға салмаңыз, әйтпесе сырты шытынап кетеді.
Макарон табаға жабысып қалмас үшін салқын сумен жуып, суын сығып салыңыз.
Көкөніс салатына өсімдік майын ғана қосыңыз, ал картоп езбесіне тек сары май қосамыз.
Өзіңіз білмейтін қоспаларды сыртындағы қолдану тәсілімен толық таныспайынша тамаққа салмаңыз.
Котлет құрамына жұмыртқа қоспасаңыз, быламыққа айналады, осыны ұмытпаңыз.
Компотқа секерді қайнап жатқан кезде салу керек. Дәмін тәтті етемін деп суыған соң салған секердің пайдасы жоқ.
@. @assel_assanova