Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Мәзір: Борщ

Мәзір: Борщ

Украина, Ресей, Польша, Белоруссия, Румыния, Молдавия, Литва сияқты елдерінің ұлттық дастарханына тән борщ кәзіргі таңда елімізде де сүйікті тағамдардың біріне айналды. Борщтың басты құрамдас бөлігі - қызылша. Әрине, қазақ халқына етінің көбірек болуы да маңызды. Назарларыңызда Массагет ұсынған борщ мәзірі.

Құрамы:

  • ет - 500 гр;
  • картоп - 400 гр, немесе 5 үлкен дана;
  • сәбіз - 200 гр, немесе 2 дана;
  • пияз - 100гр, немесе 1 кішкентай дана;
  • қызылша - 300 гр, немесе 2 кішкентай дана;
  • орамжапырақ - 300 гр, немесе үлкен орамжапырақтың 1/3-і;
  • сұйық май;
  • су;
  • тұз  - 1/2 ас қасық;
  • дәмдеуіштер мен көк шөп қалауыңыз бойынша;

Сүйегі бар ет кесегін жуамыз.

Етті суға салып, тұздап, қазанда 2 сағат бойы қайнатамыз.

Сорпаның тұзын тексеріп, көбігін аламыз.

Картопты екіге бөліп, сорпаға саламыз.

Сәбізді үккіштен өткіземіз.

Пиязды майдалап тураймыз. 

Қызылшаны да үккіштен өткіземіз.

Пияз, сәбіз бен қызылшаны майға қуырамыз. Қалауыңыз бойынша, дәмдеуіштер мен тұз қоссаңыз болады. Қуырылған көкөністерді сорпаға қосамыз.

Орамжапырақты майда, ұзын қылып тураймыз. Сорпаға қосамыз.

Сорпаны бір қайнатып, отын басып қоямыз. 10-15 минут пісіреміз.

Борщ дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

32164 17
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 05 сәуір 2012, 14:09
Пікірлер
+0
05 сәуір 2012, 14:11

өмір деген осы ғой :lol:

+0
05 сәуір 2012, 14:11

өмір осылардікі :lol:

+0
05 сәуір 2012, 14:13

уау, ішкім кеп кетті ;)

+0
05 сәуір 2012, 14:16

уауууууууууууу, менің сүйікті тамағым ғооойййййй :D :D :D

+0
05 сәуір 2012, 14:25

Анамның борщын сағындым!

+0
05 сәуір 2012, 14:44

Сәния, сіз жасадыңыз ба?

+0
05 сәуір 2012, 14:44

қарным ашты ғо, мен болсам кешеден қалған кәмпитті соғып отырмын тісім құрттайтын болды ғо

+0
05 сәуір 2012, 15:17

Дәл мен сияқты пісіреді екен. :)

+0
05 сәуір 2012, 16:21

Қызылша қосатыны ұнайды....

+0
05 сәуір 2012, 18:56

мына борщті мен әзірледім десең )

+0
06 сәуір 2012, 10:13

армандап отырмын ғой, осындай борщті қашан әзірлеу қолымнан келер екен? :lol: Сәния, тамақты осылай дәмді етіп дайындай бер :)

+0
06 сәуір 2012, 00:53

Тек суретіне ғана қарау рұқсат, дәрігерім барлық тамаққа дерлік тыйым салды.... :(

+0
06 сәуір 2012, 04:02

Маған жете алмайды екен десең иә! :D

+0
09 сәуір 2012, 10:19

Мен борщты гана жаксы пісірем негізі :)

+0
09 сәуір 2012, 10:21

жооок мен пісірген тамактардын ішінде борщ таттірек болады дегенім гой :mrgreen:

+0
17 сәуір 2012, 16:04

борщка миндетти турде лавр жапырагын косу керек :P

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев