Макаронды қалай пісіреміз?

Макаронды қалай пісіреміз?

Макаронды әркім өзі қалағандай етіп дайындайды. Алайда біз ұсынатын кеңесті бір жерге жазып алғаныңыз жөн.

Макорон дайындау жұмыртқа қуыру секілді өте қарапайым нәрсе. Әрдайым үлкен кәстрөлді пайдаланыңыз. Мүмкіндігінше жақтауы қалың болсын. Пісіру барысында макарондар белгілі бір дәрежеде су сіңіріп, көлемі ұлғаяды. Судың жетіспеушілігінен бір-біріне жабысып қалуы мүмкін. 1 литр суға 100 грамм ғана макарон салған дұрыс. Тұзды макаронды кәстрөлге салмай тұрып себу керек.

Тұзды еш уақытта қайнатып жатқан кезде салмаңыз!

Макаронды кәстрөлдің қақпағын ашып қайнатыңыз. Оны «al dente» күйіне дейін жеткізіп қайнату керек, италян тілінен аударғанда «тіске жарарлық» деген мағына білдіреді. Яғни, макарондар тым езіліп кетпеген болуы тиіс. Италиялықтар паста, спагетти, макарон сынды тағамдарын дәл осылай пісіреді. Және көп уақыт қайнатудың қажеті жоқ.

Альденте макарондары денсаулыққа пайдалы әрі дәмді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: italian.ru

Қ. Бүйенбай