Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Аспаз болам десеңіз...

Аспаз болам десеңіз...

Аспаз болам десеңіз...

Алда Жаңа Жылдық мейрамдар келе жатыр. Мерекелік тіскебасарлар мен ыстық тағам, Жаңа Жылдық торт әзірлеу сіз үшін ауыр сұрақ болса, алдын ала дайындалғаныңыз жөн. 

Мерекелік дастархан әдемі, шын мәнінде дәмді болсын десеңіз, ас даярлау тек қажеттілік емес, қызығушылығыңызға айналуы керек. Ол үшін не істеу керек?

  1. Массагет.кз сайтының Аспаздық рубрикасының тұрақты оқырманы болып, арасынан мәзірлер таңдап, іске кірісіңіз. Бастысы - оңай мәзірлерді үйреніп алу. Сондықтан алғашында әзірленуі қиын, бірнеше сағат даярланатын тағамдардан бас тартыңыз. Жеңіл мәзірлердің арасынан өзіңізге ұнайтынын таңдап, оны "өзіндік" тағамыңызға айналдырыңыз.
  2. Бәліш пісіруден бастаңыз. Тәтті бәліштер - аспаз атанудағы бірінші сатыңыз болсын. Бәліштердің дайындалуы көп жағдайда оңай болады, ал дастарханда орны ерекше байқалады. Қонақтарыңыздың өнеріңізге таңқалудан басқа амалы қалмайды, ал өз қолыңызбен пісірген тағам үшін алғыс есту сөзсіз рухтандырады.
  3. Аспаздық мастер-классқа қатысыңыз. Ғаламтордан бейнебаянға жазылған мастер-класстарды көруге болады, алайда маманмен шын кездесуде алған әсеріңіз бірнеше есе көп болмақ. Бұндай мастер-класстар мейрамханаларда жиі өткізіледі, оларға жазылсаңыз болғаны. Сабақтарға қатысып, сіз аспаздықтан рухани ләзат алуды үйренесіз. Уақыт өте тамақ әзірлеу күнделікті қажеттілік емес, қызық, пайдалы хобби екенін түсінесіз.
  4. Мейрамханаларға барып тұрыңыз. "Кешкі тағамға не пісіремін?" деген сұрақ күнде ойландыра ма? Қайталанатын, күнделікті мәзірлерден жалықсаңыз, ең жақсы деген мейрамханаға барыңыз. Ол жерде мәзірден қалағаныңызды таңдап, асықпай, рахаттанып тамақтаныңыз. Осылайша жаңа тағам түрлерін даярлауға рухтанып, аспаздыққа басқаша қарайтын боласыз.
  5. Үйге қонақ шақырыңыз. Бұл ереже уақыты тығыз қыздарға арналған. Бос уақытты ас үйде өткізуге болар еді, бірақ сіздің мүлдем уақытыңыз болмаса ше? Демалыстарға қонаққа достарыңыз не туыстарыңызды шақырыңыз. Арасында беделді, сіз ерекше құрметтейтін адамдар болса, тіпті жақсы. Шақырылған жұртқа тағам даярлауға қалайша уақыт таппайсыз? Ал құрметті қонақтар алдына дәмсіз ас қоймайтын шығарсыз? Ендеше осы жолы ерекше тырысқаныңыз жөн.

Аспаздық өнер тәжірибені, шыдамдылықты талап етеді. Дәмді тағамдар үшін жақындарыңыздан естіген алғыс пен жылы лебіз жаңа мәзірлер үйренуге күш береді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: depici.ro

23783 6
Рейтинг: +6

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2012, 13:37
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2012, 14:30

тамақ жасау үшін уақыт пен желание болу керек мен үшін))

+0
19 желтоқсан 2012, 15:34

мағанда :lol:

+0
19 желтоқсан 2012, 17:45

:D иә,солай

+0
20 желтоқсан 2012, 03:01

Бастысы тағамды с любовью істеу керек :) көп уақыт пен шыдамдылықты талап ететіні рас..

+0
20 желтоқсан 2012, 13:10

Менің хоббиім. Курсына барғым келіп жүр.

+0
22 желтоқсан 2012, 21:24

"Тәтті бәліштер - аспаз атанудағы бірінші сатыңыз болсын." келісемін! ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...