- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Тауық...
Массагеттен мәзір: Тауық орамасы
Бүгін аспаздық айдарының оқырмандарына қандай мәзір ұсынсам болады деп ұзақ ойландым. Біздің портал қолданушыларының көпшілігі жастар болғандықтан, фастфуд тағамдарына жақын ғой деген ниетпен төмендегі тауық орамасын жасап көрдім. Сізге де алдағы демалыс күндері жасап көруге кеңес беремін. Себебі, өзіме, құрбыларыма қатты ұнады. Бұл ораманың отаны – Мексика саналады. Тауықты, ірімшікті, әсіресе лавашты ұнататын болсаңыз, дәл осы тағам сіздің көңіліңізден шығады деп ойлаймын. Ендеше, іске сәт!
Құрамы: Лаваш 1 пияз 1 қызанақ 1 қызыл болгар бұрышы тауық еті, ірімшік бұрыш, тұз ақжелкен |
Тауықты төрт бұрышты етіп тураймыз. |
Пияз бен болгар бұрышын жақсылап жуып, ұзын етіп тураймыз. |
Енді болгар бұрышын 4 ас қасық майға қуырамыз. |
2 минуттан кейін пиязды салыңыз да, 6-7 минутқа отқа қойыңыз. |
Туралған тауық етін, қызанақты, ақжелкенді салып, тұз, бұрыш қосасыз. Менің таңдағаным жас балапанның еті болғандықтан 10 минутта пісіп қойды, ал сіз тауық еті піскенше отты жәй басып қойыңыз. |
Енді соңғы қалғаны ірімшік қана. Ірімшікті де ұзын етіп тураңыз. |
Піскен тауық қоспасына ірімшікті салыңыз да, жақсылап араластырып, 1 минуттан кейін отты өшіріп, аз ғана уақытқа бұқтырып қойыңыз. |
Дайын болған тауық тағамын лавашқа салыңыз да, жақсылап ораңыз. Арнайы ыдысқа салып, 7-8 минутқа пешке салып қойыңыз. |
Орама тойымды болу үшін тұздық жасауды ұсынамын. Мұны жасау да, жасамау да өз еркіңізде. Ол үшін пияз, қызанақ, ақжелкен ғана керек. Ащы болуын қаласаңыз, қара бұрышты көп мөлшерде салыңыз. |
Ораманы пештен шығарып, оның жанына тұздық салыңыз. |
Міне, орама дайын! Демалысыңыз сәтті, асыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева
Жасап үйреніңіз:
Италия асханасы: Ірімшік пастасы
Орыс асханасы: "Олимпиада салаты"
Испан асханасы: "Паэлья" тағамы
Француз асханасы: "Анна" тағамы
Француз асханасы: "Рататуй" тағамы
Қытай асханасы: "Фунчоза" салаты