- Негізгі бет
- Аспаздық
- Денсаулыққа пайдалы диета...
Денсаулыққа пайдалы диета - 2
Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.
№ 2 диета созылмалы гастрит, энтерит, колит кезінде тағайындалады. Тамақтану тәртібі төмендегідей:
- кептірілген бидай наны, печенье.
- вермишель, көкөніс, ұнтақ жарма қосылып әзірленген сорпа. Еттің, балықтың, саңырауқұлақтың сорпасы жарайды;
- ет пен құс етінен әзірленген тағамдар. Майсыз сиыр еті, тауық еті, күркетауық, қоян еті, тіл. Майсыз қой етін жеуге болады. Қайнату, бұқтыру әдісі арқылы туралған еттен жасалған барлық тағам.
- көкөністен әзірленген гарнирлер: картоп (аз мөлшерде болғаны жөн), сәбіз, асқабақ, кәдіш. Бұл көкөністер буға пісірілуі тиіс;
- жарма мен макароннан суға қайнату әдісі арқылы дайындалған гарнирлер. Суды сүтпен араластыруға болады;
- күніне 1 жұмыртқа. Шала пісірілген жұмыртқа немесе омлет;
- жемістер мен жидектерден кисель мен мусс әзірлеу;
- мармелад, зефир;
- ірімшік, айран, ацидофилин, қаймақ;
- көкөністер сорпасын қосып дайындаған тұздық;
- даршын, ванилин, лавр жапырағы;
- сорпа құйылып ұйыған балық, сосиски, тоңба, майшабақ.
Қандай тағамдарды жеуге тыйым салынады?
Қара бидайдан жасалған нан, тоқаш. Окрошка, бұрыш пен баданаға сүт қосылып әзірленген сорпа. Құс еті мен кез келген майлы ет. Консервілер мен кептірілген тағамдар. Майлы, тұзды, кептірілген балық. Шала піскен жұмыртқа. Шалқан, шалған, шомыр, қымыздық, қияр, сарымсақ, пияз, бұрыш, саңырауқұлақ сынды шикі көкөністер. Тұздалған және маринадталған көкөністер. Шоколад, балмұздақ, қыша, бұрыш, ақжелкек. Жүзім шырыны мен квас. Сиыр мен қой майы.
Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасы, арықтауға арналған мұз диетасы, арықтауға арналған жұмыртқа диетасы, арықтауға арналған қант диетасы, арықтауға арналған құлпынай диетасы, арықтауға көмектесетін диета, жігіттерге арналған диета, тез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.
Қ. Бүйенбай