Тез арықтататын диета

Тез арықтататын диета
Фото: econet.ru

Жаз маусымы басталғандықтан, көптеген ару артық салмақтан тез арылудың әдістерін іздеуде. Сол себепті назарларыңызға үш рецепт ұсынамыз.

Таңертең дәмді гранола ішкен абзал. Ол ағзаға күш-қуат береді. Жаңғақтар мен құрғақ жемістер ағзаны дәрумендер және минералдармен нәрлендіреді. Үй жағдайында гранола дайындау үшін сұлы қауызы, жаңғақтар мен құрғақ жемістер қажет болады.

1-рецепт. Гранола

Оны дайындау үшін бізге:

- 300-400 гр сұлы қауызы;
- 200-250 гр жаңғақ пен зығыр дәндері (миндаль, грек, орман жаңғағы);
- 200 гр құрғақ жемістер (кептірілген өрік, қара өрік, мүкжидек);
- 2 ас қасық өсімдік майы;
- 6 ас қасық бал немесе үйеңкі шәрбаты;
- ½ шай қасық тұз керек болады.

Дайындау жолы:

1. Сұлы қауызы, жаңғақтар, дәндер мен тұзды араластырыңыз. Жаңғақтарды алдымен қуырып алу керек.

2. Бөлек табаға майды қыздырып, бал мен қантты араластырып, қуырыңыз.

3. Құрғақ және ылғал ингредиенттердің бәрін араластырып, табаға салыңыз.

4. 160 градуста пешті қыздырып, жарты сағатқа салу керек. Жарты сағат ішінде бірнеше рет араластырып қойыңыз.

2-рецепт. Томат тұздығы

Дайындау үшін бізге:

- зәйтүн майы;
- 3 орташалау сәбіз;
- 1 пияз;
- 2 тілім сарымсақ;
- 1 кг консервленген томат езбесі;
- лавр жапырағы
- тұз, ұнтақ қара бұрыш, базилик керек болады.

Дайындау жолы:

1. Табаға зәйтүн майын құйып, қыздыра беріңіз. Сәбізді үгітіп, пиязды майда етіп кесіңіз.

2. Сарымсақты кесіп, сарғайғанша қуырып алып, бөлек ыдысқа салыңыз.

3. Пиязды қуырып, жұмсарғанша араластырып, езгілеп тұрыңыз. Жұмсарған соң сәбіз қосып, кішкене қуырыңыз.

4. Томатты табаққа салып, қасықпен езіңіз.

5. Сәбіз бен пияз қуырылып жатқан табаға томат езбесін салып, жапырақ қосып, тұз бен бұрыш сеуіп, араластырыңыз.

6. 20 минут бойы бұқтырып қойыңыз. Ара арасында араластырып тұру керек. Базилик қосыңыз. Тұздығыңыз дайын. Оны спагетти, паста немесе көкөніспен бірге дастарқанға қоюға болады.

3-рецепт. Алма езбесі мен айран

Дайындау үшін бізге:

- 200 гр айран;
- 2 алма;
- даршын, мускат жаңғағы;
- жалбыз керек болады.

Дайындау жолы:

1. Алманы пеште пісіріп алу керек. Ол үшін ортасын кесіп алып, жұмсағына дәмдеуіштер сеуіп, 180 градуста пісіріңіз.

2. Піскен соң суығанынша күтіп, қабығын алып тастаймыз.

3. Жұмсағын блендерге салып, су қосып, араластырып алыңыз.

4. Стақанға айран мен алманы араластырып, құйыңыз.

Ас болсын!

Ф. Абилова