Көкөніс пен жемісті мұқият жуыңыз!

Көкөніс пен жемісті мұқият жуыңыз!

Топырақ, шаң, құм, өсімдікті өңдеу кезінде пайдаланылған химикаттар мен кейбір микроағзаларды кетіру үшін кез келген көкөніс, жеміс пен жидектерді мұқият жуу керек. Бұл сізді бүлінген демалыстан және ауруханадан сақтайды.

Ортақ ережелер:

1. Импорттық жемістер мен көкөністер балауыз және парафинмен өңделеді. Беткі қабатын шаю үшін оларды сабын суда щеткамен жуыңыз.

2. Егер аллергиядан зардап шексеңіз – импорттық көкөністер мен жемістерді бір сағатқа суық суға салып қойыңыз. Шетелден әкелінген кез келген көкөніс пен жемістің қабығын алып жеңіз, тіпті алманың да.

3. Көкөніс, жеміс пен жидектерді жуу процесі неғұрлым тез болса, ондағы дәрумендер көбірек сақталады.

4. Көкөністер мен жемістерді жуған соң бірден жеуге тырысу керек – өңдеу кезінде қабығы зақымдалып, жеміс тез бүлінеді және пайдалы қасиеттерін жоғалта бастайды.

Әр азық-түлік ерекше баптауды қажет етеді

1. Картоп, сәбіз, қызылша, шалқан, шалғам, ақжелкек және тағы басқа тамыр жемістерін топырақтан мұқият тазартып алу керек. Ол үшін оларды жылы суға салып, біраз уақытқа қойып қою қажет. Кейін топырақты щеткамен тазалайды. Бұдан кейін жылы сумен, сосын суық сумен шаяды.

2. Қияр, қызанақ, қабықты бұрыш, кәді, самсар, баялды, асқабақ, бұршақ пен үрме бұршақтың қабығын ағын суда қолмен немесе щеткамен жуу керек.

3. Түйінді пиязды жумас бұрын түбін кесіп тастау керек. Кейін пиязды құғақ қабығынан аршып, ағынды суық суда жуу қажет.

4. Жүгеріні қабығынан мұқият тазартып, суық суда мұқият жуыңыз.

5. Апельсин, мандарин, грейпфрут, лимон және тағы басқа цитрустарды бетіндегі консерванттардан тазарту үшін қайнаған су құйып жидітіп алыңыз. Кейін ағынды суық суда жуыңыз.

6. Алма, алмұрт, өрік, шабдалы, алхоры, банан, гранат және тағы басқа жемістерді ағынды суда сабынмен жуу қажет.

8. Қарбыз бен қауынды ағынды суда қолмен немесе щеткамен, сабынмен жуу керек.

9. Жүзімді ағынды судың душында жуған жөн. Жүзімдер үзіліп кетпестей абайлап, шоқтарын бөлек-бөлек мұқият тазалаңыз.

10. Ақбас қырыққабатты көбіне жумайды. Әдетте оның кірлеген, түрлі химикаттармен өңделген қабаттарын таза қабатына жеткенше алып тастайды. Қырыққабаттың өзегін пайдаланбаңыз – ол нитраттардың көзі болып табылады.

11. Тамаққа қосатын шөптерді жақсылап өңдеу керек – түбірін, сабақшаларын, сарғайған жапырақтарын жұлып алып тастаңыз. Оны ағынды суда емес, сыйымды ыдысқа құйылған суық суда жуу қажет. Топырақ түбіне тұнуы үшін суды бірнеше рет ауыстыру қажет. Тек содан кейін ғана ағынды суда шайыңыз.

12. Балдыркөкті жумас бұрын жақсылап тазалап алу керек – түбірін кесіп, сабақшаларындағы қарайған жерлерін алып тастайды. Бұдан кейін оны 1-2 сағатқа суық суға қойып қояды, ал кейін 2 рет ағынды суда мұқият жуады.

13. Сопақ басты пиязды бүлінген сыртқы қабатынан аршып, жуу қажет. Оны сонымен қатар ортасынан кесу керек. Осылайша жапырақта жиналған топырақты кетіру мүмкіндігі жоғары. Сопақ басты пиязды үлкен ыдыста, суды молынан құйып, мұқият жуу қажет.

14. Гүлді қырыққабатты жумас бұрын, оның гүлшоғырындағы қарайған жерлерін пышақпен немесе үккішпен тазалау қажет. Гүлді қырыққабатта ұсақ жәндіктер жүруі мүмкін – гүлшоғырын тұзды суда 5-10 минут ұстаңыз, немесе жарты сағат уксус қосылған суға (1 л суға 1 үлкен қасық уксус) салып қойыңыз.

Сурет: sroki.net

Дайындаған: Анар Мұстафина

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
NASA SpaceX миссиясының суреттері
NASA SpaceX миссиясының суреттері
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес
COVID-19 жұқтырған аналар баланы емізуді тоқтатпауы керек - ДДСҰ төрағасы
COVID-19 жұқтырған аналар баланы емізуді тоқтатпауы керек - ДДСҰ төрағасы