Жазғы сусындар дайындайық

Жазғы сусындар дайындайық
Фото: pixabay.com

Жаздың ыстық күндері сергіткіш салқын сусынға ештеңе жетпейді. Үйден жасалғанды дайын атақты сусындармен салыстыруға келмейді. Олар керемет дәрумен көзі болып та табылады. Рецептілердің бірін таңдап, пайдалы жазғы сусын дайындаңыз.

1. Жалбыз лимонады

Ингредиенттер:

- 250 мл су;
- 130 г қант;
- 1 л спрайт немесе газдалған су;
- 1 лимон;
- 2 апельсин;
- жалбыз жапырақтары.

Дайындалу жолы: Қантты сумен араластырып, қайнаған соң 5 минут ұстап, содан соң отты сөндіріңіз. Бұл шәрбатқа жалбыз жапырақтарын салып, суығанын күтіңіз. Лимон мен апельсиннің шырынын алыңыз. Құмыраға суыған шәрбатты, цитрус шырынын және газдалған суды құйыңыз. Лимонадты мұзбен ұсыныңыз.

2. Шие лимонады

Ингредиенттер:

- 100 мл шие шәрбаты;
- 1 лимон;
- 2 апельсин;
- жалбыз жапырақтары;
- 1 л газдалған су.

Дайындалу жолы: Апелсиннің жартысын және лимонның төрттен бір бөлігін бөліктерге бөліңіз. Қалған цитрустардан шырынын шығарып, шәрбатпен араластырыңыз. Оған жалбыз жапырақтарын салып, жартысына дейін мұз салыңыз. Ыдыс толғанша газдалған су құйыңыз. Соңынан цитрус бөліктерін салыңыз.

Классикалық лимонад

Ингредиенттер:

- 700 мл салқын су;
- 350 мл газдалған су;
- 5 ас қасық қант;
- 3 лимон;
- 1 апельсин.

Дайындалу жолы: Цитрустардың шырынын алып, кәстрөлге құйыңыз. Оған 3 ас қасық қант салып, су құйып қайнатыңыз. Ол толық суыған соң оны 5 сағатқа тоңазытқышқа салыңыз. Содан соң, оған қалған қант салып, газдалған суды құйыңыз.

А. Жапатова