- Негізгі бет
- Кино
- Люк Эванс –...
Люк Эванс – Дисней залымы
Люк Эванс «Ару қыз бен құбыжық» (түпнұсқасы: «Beauty and the Beast», орысшасы: «Красавица и чудовище») атты диснейлік экрандалған ертегіде залым Гастон рөлін сомдайтын болды. Алдыңғы жазбаларымызда Эмма Уотсонның аталған ертегіде ару қыздың рөлін сомдайтынын жазған едік.
Оған қоса, бұл әртістермен бірге «Даунтон аббаттығы» сериалының жұлдызы Дэн Стивенс құбыжықтың рөлінде ойнайтыны да белгілі болды. Экрандалған ертегі алдағы жылдан бастап түсірілмек.
Бастапқыда режиссері тек Билл Кондон болады деп шешілген еді, кейіннен оның қатарына Дэвид Хоберман мен Тодд Либерман қосылды. Сценарий авторы – Стивен Чбоски.
Гастон – фильмнің басты қаскүнемі. Ол – бойы ұзын, күшті, алып денелі әрі сымбатты қала аңшысы. Гастон Белльге ессіз ғашық, үнемі оның көңілін тапқысы келеді, оның бір мақсаты – Белльді әйелдікке алу.
Белль – қаладағы ең көрікті ару. Кітап оқығанды жаны сүйетін Белль өз қаласының іш пыстырарлық күйінен қашқысы келеді.
«Ару қыз бен құбыжық» мультфильмі 1991 жылы шығып, қорға 75 мың АҚШ долларынан астам қаржы түсірген екен.
Оқи отырыңыздар:
1. «Арындылар» алдағы уақытта сериал түсірмекші
2. Брэд Питт екінші дүниежүзілік соғысқа арналған жаңа фильмге түседі
3. "Форсаж 7" фильмінің толықтырылған трейлері шықты
4. Брэд Питт жұбайының фильмінде басты рөлді сомдайды
Сурет: media.filmz.ru
Е. Жұмабайұлы