"Форсаж 7" фильмінің толықтырылған трейлері шықты

 "Форсаж 7" фильмінің толықтырылған трейлері шықты

«Форсаж 7» фильмінің толықтырылған трейлері қалың көрерменге жол тартты. Бұл бейнебаяннан Пол Уокер, Мишель Родригез, Вин Дизель және Джейсон Стэтхемның жасаған небір шеберлік әдістерін көруге болады.

Бұл бейнебаян ғаламторға шығысымен, көпшілік қызу талқылау үстінде. Және киноға қызығушылық танытып, көруге асыққан көрермендер саны да өсті. Осы ретте, бұл фильмнің жетінші бөлімі көлік жарысы, махаббат, достық, тонау, Доминик Торретоның қаһарман жолдастары туралы екендігінін естеріңізге сала кетеміз. Фильмде бас қаһармандар қылмыстық топ пен оның бастығы Оуэн Шоудың көзін құртқан соң, оларға үлкен қауіп төнеді. Мерт болған қаскүнемнің ағасы туысын өлтіргендерден жауабын алу ниетте, арам ойын іске асырмақшы...

Олай болса, «мың рет естігенше, бір рет көрген жақсы» демекші, қалған қызықты төмендегі видеодан тамашалаңыздар. Ескерту: егер биіктен қорықсаңыздар, көрмеуге кеңес береміз. Себебі, мұндағы трюктердің көбі әуеде жасалған...
 
 
Естеріңізге сала кетейік, көпшілігіміз ерекше ықыласпен күтіп жүрген "Форсаж" (Fast & Furious) атақты кинофильмінің жетінші бөлімін осы жылдың сәуір айында тамашалап, бағасын бере аламыз.

Сурет: cdn.rsvlts.com
Оқи отырыңыз: 
Е. Жұмабайұлы