Брэд Питт жұбайының фильмінде басты рөлді сомдайды

Брэд Питт жұбайының фильмінде басты рөлді сомдайды

Брэд Питт жұбайы Анджелина Джоли түсіретін «Африка» фильмінде басты рөлді сомдауы мүмкін. Бұл жайлы The Wrap басылымы жазды.

Аталмыш фильмде кениялық танымал палеонтолог, саясаткер Ричард Лики туралы баяндалады. Ричард әлемге африкалық сирек аңдарды аулайтын браконьерлермен күресуімен әйгілі болды. Фильмге сценарийді «Форрест Гамп», «Бенджамин Баттонның жұмбақ хикаясы» фильмдерімен жұмыс істеген Эрик Рот дайындайды. Ал жобаға жетекшілік ететін – Skydance студиясы.

Фильмнің бас кейіпкері Ричард Лики аңдардың қорғаушысы болып қана емес, палеонтологиялық жаңалықтармен де әйгілі болды. Ликидің экспедициясы Танзаниядан «тік жүретін гоминидті» тапқан еді. Уақыт өте келе оны «епті адам» деп атады. Байырғы адамның скелетін де тапқан осы экспедиция еді. Ричард 80-жылдардың соңынан бастап Кения Ұлттық мұражайының бастығы болып келді. Мұражайда ол табиғатты қорғау бағдарламаларына жетекшілік етті.

Бұл Анджелина мен Брэдтің бірігіп жасайтын бірінші жобасы емес. Осыған дейін Брэд Питт Анджелина түсірген «Теңіз жағасында/By the Sea» драмасында ойнаған еді. Бұл фильмді көрермендер биыл көре алады.

Сурет: inquisitr.com

Оқи отырыңыз:

«Қазақфильм» оралмандар туралы жаңа фильм түсіруді бастады

Эмма Уотсон – Дисней ханшайымы

"Саған өмірлік қиындықтарды жеңудің сырын ашып берейін бе?"

Бұл жылы қандай комедиялар көрерменге жол тартады?

Ф. Абилова