Брэд Питт екінші дүниежүзілік соғысқа арналған жаңа фильмге түседі

Брэд Питт екінші дүниежүзілік соғысқа арналған жаңа фильмге түседі

Атақты кино жұлдызы Брэд Питт Роберт Земекистің романтикалық триллер жанрындағы жаңа фильміне түседі.  Фильм биыл 70 жыл толатын Екінші дүниежүзілік соғысқа арналады екен.

Фильмнің сценарий авторы – Сивен Найт. Ол «Өткір көзірлер» (түпнұсқасы: «Peaky blinders», орысшасы «Острые козырьки») сериалының, «Лок» (түпнұсқасы: «Locke», орысшасы: «Лок»), «Жетінші ұл» (түпнұсқасы: «Seventh son», орысшасы: «Седьмой сын») фильмдерінің сценарийін жазған. Сивеннің сөзіне қарағанда, ол алдағы уақытта «Әлем шайқасы Z» (түпнұсқасы: «World War Z» , орысшасы: «Война миров Z») фильмінің жалғасын жазбақшы. Бұл фильмде де басты рөлді Брэд Питт сомдайтын болады.

Қазіргі таңда Оскар иегері Брэд Питт «Теңізде» атты (түпнұсқасы: «By The Sea», орысша: «У моря») фильмге түсіп жатқанын естеріңізге саламыз. Ал бұл фильмнің режиссері – оның жары Анджелина Джоли. Сондай-ақ, алдағы уақытта осы жұлдызды жұпты «Африка» кинофильмінен көре аласыздар.

Оған қоса, қаңтар айында «Құлдыраудағы үлкен ойын» (түпнұсқасы: «The Big Shor», орысшасы: «Большая игра на понижение») атты фильмінде де Брэд Питт продюссерлік қызмет атқаратыны белгілі болды. Әрі осы киноның басты рөлін сомдайды. Қаржы айласы туралы бұл фильмде Кристиан Бейл, Райан Гослинг сынды әртістер ойнайтын болады.

Оқи отырыңыз:

 

1. Брэд Питт жұбайының фильмінде басты рөлді сомдайды

2. "Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі" фильмінің премьерасы кейінге қалдырылады

3."Жұлдыздар шайқасы" фильмі қазақ тілінде дыбысталады

4. "Саған өмірлік қиындықтарды жеңудің сырын ашып берейін бе?"

 

Сурет: vk.com, imworld.aufeminin.com 

Е. Жұмабайұлы