"Тақтар ойынының" алғашқы ресми трейлері шықты

"Тақтар ойынының" алғашқы ресми трейлері шықты
Фото: Game of Thrones Quotes

Айдаһарлар, шайқасқа дайындалып жатқан Винтерфелл, "Мінсіздер" әскерінің тізілген қатары және біреуді өлтіруді ойлаған Арья... "Тақтар ойынының" соңғы маусымының алғашқы трейлерінде осы жағдайлар орын алады. "Теледидар тарихындағы ұлы шайқастың" үзіндісі трейлерде көрсетілмегенмен, оны екінші трейлерде немесе көрсетілім алдындағы роликтерде ұсынылуы мүмкін. 

"Тақтар ойынының" жаңа маусымы бұл сериалдың соңы болмақ. Америкалық жазушы Джордж Мартин туындысын теледидар экранына шығару 2011 жылы басталды. Осы уақытқа дейін жоба көптеген марапаттарға, соның ішінде 38 "Эмми" сыйлығына ие болды. 

Жаңа маусымның тұсаукесері 2019 жылдың сәуір айына жоспарланып отыр. 

А. Жапатова