"Тақтар ойыны" приквеліне түсетін актерлер белгілі болды

"Тақтар ойыны" приквеліне түсетін актерлер белгілі болды
Фото: filmpost.it

HBO платформасы көпшілік асыға күткен "Тақтар ойыны" сериялар желісінің "Ұзақ түн" деп аталатын приквель актерлерінің тізімін хабарлады.

Олардың арасында Наоми Уоттс, сонымен қатар "Таңғажайып мақұлықтар"( Фантастические твари) фильмінде жас Гриндевальд пен Альбус Дамблдорды ойнаған Джейми Кэмпбелл Бауэр мен Тоби Регбо бар. Олардан басқа түсірілімге Наоми Эки, Джорджи Хенли және Джош Уайтхаус қатысады.

Жобаны британиялық сценарист әрі продюсер Джейн Голдман қолына алды. Оның жұмыстарының қатарына "Kingsman"-нің екі бөлігі, "Х адамдар" және "Мисс Перегриннің біртүрлі балалар үйі" фильмдері кіреді.

Сериалда ақ жүргіншілер және соғыс үшін адамдардың Орман балаларымен біріккені туралы айтылады. "Ұзақ түн" түсірілімі 2019 жылдың басында басталады.

А. Жапатова