Аль Пачино ақылға қонымсыз әрекеттерімен жұртты таңғалдырды
![Аль Пачино ақылға қонымсыз әрекеттерімен жұртты таңғалдырды](/userdata/news/news_36279/image_l.jpg)
Фото:
tengrinews
"Оскар" сыйлығының иегері, актер Аль Пачино өзінің ақылға қонымсыз әрекеттерімен жұртты таңғалдырды, − деп хабарлайды Super.
Бұл жолы 75 жастағы актер Бродвейдегі дайындығынан кейін Нью-Йоркті аралауға шықты. Қарапайым киініп алған әлемдік жұлдызды көшедегілер танымай қалды.
![](http://c.heatstaticcontent.ru/static/uploads/posts/116888/e0e19a1599dd2c6428eac2e941e0666e__560x.jpg)
"Ол қаңғыбастар сияқты киініп алған. Біз оның Аль Пачино екеніне сенбедік. Ол өзін басқаша ұстады, жол бойымен жүгіріп, есінен ауысқан адам сияқты сөйлеп бара жатты", − деді куәгерлердің бірі.
![](http://c.heatstaticcontent.ru/static/uploads/posts/116888/562dcc4d1b265698ee9620137a6bbce8__560x.jpg)
![](http://c.heatstaticcontent.ru/static/uploads/posts/116888/f7ea7b11a8d55013077ea1befdbee40d__560x.jpg)
Дереккөз: tengrinews