2016 жылы жарыққа шығатын фантазия жанрындағы фильмдер

2016 жылы жарыққа шығатын фантазия жанрындағы фильмдер
Фото: kinopoisk.ru, vk.com

Қазіргі уақытта кино көру баршамыздың сүйікті ісімізге айналды. Жыл сайын кинематограф мамандар көрермендерге әртүрлі жанрдағы кинотуындыларды таныстырады.  Ал, нағыз  киносүйер қауым кинотуындының трейлерін көріп, тұсаукесердің уақытын асыға күтуде. Massaget.kz порталы сіздердің назарларыңызға 2016 жылы прокатқа шығатын фантастика мен фэнтэзи жанрында түсірілген әлемдегі үздік 5 туындыны ұсынады.

Тәуелсіздік күні: қайта жандану

"Independence Day: Resurgence"

Бұл Роланд Эммерихтің фантастика жанрындағы танымал «Тәуелсіздік күні» туындысының екінші бөлімі.  Аталмыш киноны түсіру үшін  75  миллион доллор шығын кетті. Алайда  816 млн $. кассалық жиын жиналып, көрермендердің көңілінен шыққан болатын. Бірінші бөлімінде болған оқиға желісінен 20 жылдай уақыт өтті. Таным технологияларды пайдалана отырып келімсіктер Жер тұрғындарына көптеген кедергілер келтіреді. Адамзатқа олармен күресу үшін көп күш жұмсауға тура келеді. Қазақстанда тұсаукесер маусым айына жоспарланып отыр.

"Дэдпул"

"Deadpool"

Уэйд Уилсон - қарапайым әскери жұмысшы. Қатерлі ісік ауруына шалдыққан соң, беделді адамдар оған ерекше эксперимент ұсынған. Ғалымдардың қолына түскеннен кейін, биохимиялық тәжірибелер нәтижесінде, ерекше қуат беретін күш сіңіріп алады. Толығымен өзгерген Уэйд "Дэдпул" деген шулы атпен танымал болып, қауіпті қылмыскерлермен көптеген шайқастарға түседі. Алайда күші өзімен тең қарсыласы пайда болғанда не болады? Аталмыш кинотуындының премьерасы ақпанның 11-не белгіленіп отыр.

"Бэтмен мен Супермен шайқасы: Әділдік жолында"

"Batman v Superman: Dawn of Justice"

Бэтмен Суперменді  шайқасқа шақырады. Оның ойынша, ешкіммен бақыланбайтын құдыретті күші бар жатғаламшарлық бүкіл адамзатқа қауіп төндіруде. Дегенмен, оларға бірігіп күресуге тура келеді. Себебі, біздің өркениеттің тарихындағы ең үлкен қауіп-қатерлер пайда болған сәтте жалғыз жеңіске жету мүмкін емес болады. Кино өзінің керемет актерлік құрамымен мақтана алады. Бэтменнің ролі Бен Аффлекке бұйырды. Ал “Болат адам” фильмі арқылы танылған Генри Кавелл қайтадан Суперменнің образында. Амазонка ханшайымының амплуасы көбінесе "Израиль Аруы-2004" байқауымен белгілі, модель және актриса Галь Гадотқа сеніп тапсырылды. Тамыз айында жарияланған ақпараттарға сүйінсек, түсірілімнің бірі Мароккода өткен. Тұсаукесер наурыз айына жоспарланып отыр.

"Варкрафт"

"Warcraft"

"World of Warcraft" компьютерлік ойыны бойынша түсірілген "Варкрафт" фильмінің жарыққа шығуына аз ғана уақыт қалды. Бастапқыда кинотуындының сценарийін жазған - Гари Уитта. Кейіннен жобаны қолға алған Сэм Рэйми сценарийді толықтай өзгерткен. Алайда екі сценарий де сәтті шықпай, жұмысты Данкан Джонс аяқтаған.

Сюжеттің желісі бойынша, адамдардың және орктардың кездесу тарихы. Фильмде оқиғаны тек қана адамның көзқарасымен емес, сондай-ақ орктардың ойымен, батырлар мен жауыздар кейіпкерлерін бөлмей көрсетуге тырысқан. Премьера көрсетілімге мамыр айынан бастап шығады.

"Люди Икс: Апокалипсис"

"X-Men: Apocalypse"

"Люди Икс: Апокалипсис" — режиссер Брайан Сингердің  алдағы  уақытта шығатын фантастикалық фильмі. Апокалипсис — бірінші және ғаламшардағы ең құдіретті "Адам-Икс" мутанты. Өркениеттің  пайда болғанынан бастап, бәрі оны құдай ретінде көріп сыйынады. Өзінің бойына басқа мутанттардың күшін сіңіріп, мәңгі өлмес күші пайда болады. Жердің тағдырына қауіп төнгенде профессор Икс Рейвен көмегімен жас Адам-Икс командасын  ұйымдастырып, адамзатты маңызды жаулардан құтқарады.

Дайындаған: Дания Күзембаева

Ө. Сансызбай