Осы жылы қандай кино көреміз?

Осы жылы қандай кино көреміз?
Фото: adme.ru

Өткен жылы кино әлемінде көптеген жаңалықтар болды. Қазір олар өткен жылдың тарихына айналды. Ал биылғы жылы қандай кино келер жылдың тарихына айнaлар екен? 

Кунг-фу Панда 3

По өз әкесін тапқан соң, олар өздері секілді пандалар өмір сүретін еліне оралады. Алайда Поның жаны жай таппайды. Себебі, Кай атты залым Қытайдағы барлық кунг-фу шеберінің көзін жоймақшы. По оған қарсы тұру үшін пандаларадан құралған кунг-фу жасағын құруды жоспарлайды.

Дивергент: қабырға артында

Трис пен Фор қаладан қашып, осыған дейін шығып көрмеген қабырға сыртына шығады. Бейбіт өмірді іздеген екеу бұл жақта да қайнаған соғыстың ортасына тап болады. Адамзатты құтқару үшін Трис пен Фор ақ пен қараны ажырату керек.  

Джунгли кітабы

"Кариб теңізінің қарақшыларын" көрерменге тарту еткен студия бұл жылы да ерекше сый сыйламақшы. Бұл фильмге қалың джунгиде жалғыз қалған жетім баланың тағдыры арқау болады. Қасқыр, аю және барыстың қамқорлығымен өскен баланың өмірі көрермендерді қызықтырмауы мүмкін емес.

Кек алушылар: Қарсылық

Билік басы адамдарды өзгеше басқарып, оларды өздерін қызмет жасауды бұйырады. Стив Роджерс бұл тәртіпке ашық қарсы шықса, Тони Старк заңды қолдайды. Кек алушылар арасында келіспеушілік туады, ал халық арасында азамат соғысы басталып кетеді.

Көзді арбау: Екінші бөлім

Бұл фильмде әлемнің әйгілі иллюзионистері қайтадан бірігеді. Олардың сиқырына сенбеу мүмкін емес, бірақ олардың қарсыластары пайда болады. Белгісіз біреу олардың жолына тосқауыл болып, сиқыр әлемінің құпиясын ашпақ болады. Сол себепті сиқыршылар беолігсіз біреуді тез арада тауып, өздерін қорғап қалудың амалын іздейді.

 

Г. Берік