Қызға қандай сұрақ қоюға болады?

Қызға қандай сұрақ қоюға болады?
Фото: Мөлдір Қалмұрат

Қызыңызбен қанша уақыттан бері кездесіп жүрсеңіз де, оның сіз білмейтін қырлары көп болуы мүмкін. Сіз оған қолайлы сәтті қолданып не ішіңіз пысқан кезде төмендегі сұрақтарды қою арқылы, өзіңізге жаңалық ашатын боласыз.

Қандай жануарды жақсы көресің? Оның орнында болсаң, не істер едің?

Қамауда отырып көрдің бе? «Иә» десе, қандай себеппен?

Бір басыңда неше туфлиің бар?

Неден немесе кімнен жиіркенесің? Не себепті?

Өлген жерім осы шығар деп ойлаған кездерің болды ма?

Қандай бояуды (косметика) көп қолданасың? Не үшін?

Мен білмейтін қандай өнерің бар?

Сөмкеңе қандай ерекше нәрсе салып жүресің?

Акцентпен сөйлей білесің бе?

Жігіттер туралы бұрын не ойлаушы едің?

Мені ең алғаш көргенде не ойлағаның есіңде бар ма?

Үйде қандай іспен айналысқың келмейді? Оған не себеп?

Маған өтірік айтқан кезің болды ма?

Адамның қандай әрекетін жек көресің?

Сенің артықшылығың неде деп ойлайсың?

Қандай үй жануарын жек көресің? Себебі бар ма?

Қолыңнан не істеу келмейді әлде жақсы істей алмайсың?

Шетелде таныстарың бар ма? Оларға барып көрдің бе?

Саған балалар ұнай ма? Неше жасыңда бала сүйгің келеді?

Антарктидада өмір сүретін болсаң, қандай жануар болар едің?

Қандай жарыстарда жеңіске жеттің?

Фотосессия жасағанды жақсы көресің бе?

Әлеуметтік желіге қанша уақыт құртасың?

Жұмысың саған несімен ұнайды?

Ал несі ұнамайды?

Бұрын істеген жұмыстарыңның қайсысын көбірек жақсы көрдің?

Адамдар сен туралы не білмейді?

 

Ал сіз оған алдымен қай сұрақты қояр едіңіз?

@. @assel_assanova