Жігітке қойылуы тиісті сұрақтар

Жігітке қойылуы тиісті сұрақтар

Жігітпен алғаш кездесулер барысында осы сұрақтарды анықтап алған жөн. Әрине, оның сұрақтарға шыншыл жауап беруі екіталай, алайда жауап беру мәнері-ақ сізге көп айтпақ.

"Жұмысың қандай? Отбасың жайлы айтып берші" деген сұрақтар әрине орынды, алайда олар сізге көп ақпарат бере алмайды. Адамды жақсырақ танимын десеңіз, мына сұрақтарды қойып көріңіз.

Соңғы оқыған кітабың қандай?

Адамның оқып жүрген кітабы бойынша оның қызығушылықтарын, өмірлік көзқарастарын білуге болады. Сондай-ақ бұл әңгіме айтарлықтай тақырыптың басы.

Қай жерлерде дем алғанды ұнатасың?

Шет елде, өзіміздің тауларда, түнгі клубтарда... Бұл сұраққа жауап жігіт туралы бірден көп нәрсе айта алады. 

Кішкентай кезіңде нені армандап едің?

Иә, ол сіздің сұрағыңызбен таң қалуы мүмкін. Өзінің де есінде қалмаған заттарды еске алып, әңгіме қылу барысында көптеген қызықты оқиғаларды, бала армандарын айтып береді.

Қыздарда қандай қасиет ұнамайды?

Осы сұрақ арқасында оның болған қарым-қатынасы жайлы  біле аласыз. Сондай-ақ болашақта, көңілдеріңіз жарасса, жасауға болмайтын қателіктеріңізді білетін боласыз.

Тамақ істей аласың ба?

Мәселе тек тамақта емес. Жиі жағдайда тамақ жасай алатын жігіттер шаруашыл келеді. Олардан керемет күйеу, отау иесі және әке шығады.

Өмірде неден абай болу керек?

Осындай түсініксіз сұақ арқылы оның өмірінде болған қиындықтардан хабардар бола аласыз. Қарпайым әңгіме барысында айта алмайтын сырларын осы сұраққа жауап бергенде айтуы мүмкін. Тіпті сұраққа "жалпы" жауап берсе де, бұның бәрі оның өмірлік тәжірибесінен екенін біліңіз.

Бақыт деген не?

Осы сұрақ көмегімен бұл жігітке ең жетіспей жүрген нәрсені білетін боласыз. 

Анаң жайлы айтып берші?

Оның анасы - болашақ жарының айнасы. Жігіттер анасына еліктеп қыз алатыны белгілі. Сондықтан оның қандай екенін естіп, қарым-қатынастары жайлы сұрап өтіңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А