Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Маңызы жоғалмайтын 11 сұрақ...

Маңызы жоғалмайтын 11 сұрақ...

Маңызы жоғалмайтын 11 сұрақ...

Бұл сұрақтардың жауабын табу үшін жігіттер қауымы да, қыздар да бас ауыртқан болар. Жауап іздеу жолына шығармашылықпен және түрлі ізденістермен келу керек секілді.

1. Кімге бірден ғашық боламыз?

Жігіт: Әдемі келбет пен сымбатты дене. Тән сұлулығымен бірге жан сұлулығын, ақыл өрісі мен білім көкжиегін өзіміз ойдан құрамыз. Үнсіз бе – онда құпия әлемі кең, ақылсыздау сөйлей бастаса – оның қылығына қарап сүйсінеміз, қаттырақ сөйлесе – мінезі қандай қатты, ерекшелік қой! Осылай жалғаса береді...

Қыз: Әзіл-қалжыңы жарасқан, жинақы ер-жігіттерге. Бастапқыға осы да жетеді. Алайда, жігіт әзіл-қалжыңға жақсымын деп ойлап емес, шынымен қалжыңы жарасқан жігіт болса. Немесе бізге солай көрінсе дұрыс болар еді. 

2. Кімге бауыр басамыз?

Жігіт: Негізгі екі талап бар: онымен өткізген уақыт қызықты болуы керек және ол әрмен қарай да қызығушылық тудыра түсуі керек. Жалықтырмайтын қасиеті бар қыздарға жігіт атаулы кенедей жабысады, бітті дей беріңіз.

Қыз: Танысу мерзімі ұлғайған сайын талаптар өсе бермек. Және бір жыл бойы талаптар легі таусыла қоймайды. Ал таныстықтан бір жыл өткен соң жігіт өзін еркін сезінсе болады, өйткені ендігі жаңа бірдеңе ұсынуы екіталай екенін білеміз. Тек жомарт, мейірімді, сенімді, ақылды, мықты, жинақы, жауапты, еңбекқор, романтикалық, сыпайы, өзіне сенімді, қамқор болса бауыр баспай, қайда барамыз?..

3. Кімнен құтылуға тырысамыз?

Жігіт: Әдемі емес қыздардан қашамыз ғой, расында. Және «өзіне көп алатын», менмен, аса тәкаппар қыздар біз үшін емес. Егер осы екі жаман қасиет те оның бойында болса, «сен кімсің, давай, сау бол!».

Қыз: Мазасыздардан. Ұятсыз, надандардан. Өзінің «анау-мынау емес» екенін айтып, шіренетіндерден. Бірақ егер қоғамдағы «статусына» қарамастан, өмірде, әсіресе біздің ортамызда өзін еркін ұстаса – әрине, ұнамай қоймасы анық. 

4. Оған ұнап қалу үшін не істейміз?

Жігіт: Маған сеніңіз, біз бәрін де жасаймыз!

Қыз: Шынын айтсақ, түрлі ақымақтықтар жасап кетеміз. Және де оның айналасындағы адамдарға ұнап бағамыз.

5. Жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу үшін не істейміз?

Жігіт: Жоғарыдағы жауапты қараңыз.

Қыз: Қыңыр болмауға тырысамыз. Жуылмаған ыдыс болсын, киген киіміне болсын, тіпті итінің қылықтары ұнамаса да үндемей қоя саламыз. Бірақ белгілі бір уақытқа дейін.

6. Қарым-қатынасты көбіне кім үзеді?

Жігіт: Қыз. Бірақ жігіттің итермелеуімен. «Айрылысайық» деген сөзді қыз айтса да, біз оның осылай айтуы үшін біраз еңбектенеміз-ау.

Қыз: Жігіт. Және көбіне «Сен бәрібір мені тастап кетесің ғой... алдағы жарты жылда уақытым болмайтын шығар, жұмыс көп» деген сияқты ақылсыздау әдістермен.

7. Араны үзетін жағдай не?

Жігіт: Жалығу, көзге шөп салу. Материалдық жағдайдың көңіл көншітпеуі.

Қыз: Жалығу. Бұдан да жақсыға лайықпын деген сияқты жалған немесе шын сезім. Тұрмыстық жағдайларға түбегейлі түрлі көзқарас (мысалы, жұптардың біреуі үшін бір зат маңызды, ал екіншісіне бәрібір). 

8. Қандай жағдайда жалығып кетесіз?

Жігіт: Бәрі алдын ала белгілі болып қояды. Бір күнің бір күніңе ұқсап, қызықты сәттер азая бастайды. Түрлі-түсті өмір қара-ала түске өзгерсе...

Қыз: Тосын сыйлардың тым көп болуы, тым көп жаңалық. Және көбіне жағымсыз.

9. Жалғыздықтан неге қорқасыз? (немесе қорықпайсыз)

Жігіт: Қорықпаймыз. Егер жалғыз қалғың келсе, сондай ниет болса бұл – жалғыздық емес, демалыс. Жер бетінде 3 миллиардқа таяу қыз бала бар. Оларды да көре алуымыз керек.

Қыз: Қорқамыз. Бұған миллион себеп бар... алайда түсіндіру қиын. Бұл жай ғана инстинкт сияқты, бұған қарсы тұра алмайсың.

10. Бізге айтылар ең керемет комплимент қандай?

Жігіт: Танысқан соң 5 минут өткеннен кейін алыс елдерге саяхаттауға келіссе, осының өзі сенімді білдіреді.

Қыз: Әлсіз жеріміз (біздің ойымызша) жайлы комплимент. Айталық, сен өзіңді толық қыз сезінсең, ал ол фигураң керемет, нағыз өзіме ұнайтын деп шын көңілден айтса, бұдан асқан комплимент жоқ. 

11. Ең идеалды сөз айту?

Жігіт: Естігіміз келген жауапты айтса, осы ең керемет сөз. Қай жерде, қалай айтса да бізге бәрібір.

Қыз: «Маған бала тауып берші!» Әрине, өзің де соны қаласаң. Бірақ бұл тап сол сәтте орындалу керек дегенді білдірмейді.

Дайындаған: Анар Мұстафина, Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

7954 12
Рейтинг: +11

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 25 ақпан 2013, 15:35
Пікірлер
+0
25 ақпан 2013, 15:42

Сурет те әдемі, материал да әдемі, авторлар да әдемі :D ;)

+0
26 ақпан 2013, 01:25

Біздің массагетте екеуі де кәделі :D

+0
25 ақпан 2013, 16:20

Бірақ бұл тап сол сәтте орындалу керек дегенді білдірмейді. :lol:

+0
25 ақпан 2013, 16:53

Тосын сыйлардың тым көп болуы, тым көп жаңалық. Және көбіне жағымсыз.

+0
25 ақпан 2013, 17:00

Жаксы материал екен,рахмет :)

+0
25 ақпан 2013, 17:24

6-сұраққа жігіттер қауымы шын жауап беріпті. Расында да өздері ықпал етеді ғой

+0
25 ақпан 2013, 18:05

Қатты ұнады, шыныда да біз осылай ойлаймыз, қабылдаймыз))

+0
25 ақпан 2013, 20:24

неге екені, тіптен келісе алмай қалдым ғой)))) Әзілқойларды ұнатпаймын, мысалға. Ұнап қалу үшін әдемі болуға тырысам, ақымақтан құтылып, қарым қатынасты ұстап қалу үшін дым да істемейм (тупо) деп кетеееее береді))) Но! шынайы жауаптары ұнады))) Қыздың да, жігіттің де)))

+0
25 ақпан 2013, 21:59

Жауаптар шынайы, ұнады! Бірақ кейбірімен келісемін, кейбірімен келісе алмайды екем. Әзіл- қалжыңы тым көп жігіт ұнамайды екен,; айналасындағы адамдарға ұнап қалуды да ойламайды екем ( барлық адамға бірдей қарым-қатынаста болған жақсы): :)

+0
26 ақпан 2013, 13:07

К Е Р Е М Е Т !!!

+0
18 наурыз 2013, 19:13

bazar jok

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...