Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Стиль / Галстук таңдағанда мына бес ережені ескеріңіз

Галстук таңдағанда мына бес ережені ескеріңіз

Галстук таңдағанда мына бес ережені ескеріңіз

Галстук – ерлердің сымбатына өң беретін бірден-бір бұйым. Оны таға білу де, таңдай білу де – өнер. Галстугіңіздің сапалы, әдемі, өзге киімдермен үйлесімді болуы – таңдауға байланысты. Қандай матадан, қандай өлшеммен алу керек? Қолдан жасалды ма, әлде, тігін машинасымен бе? Осы сияқты тағы басқа сұрақтардың жауабын біліп, сапалы галстуктерді алыстан тану үшін оқырмандарымызға мынадай кеңестерімізді ұсынамыз.

Ең алдымен, матаның сапасына назар аударуыңыз керек. Сапалы галстуктер тек қана табиғи материалдардан тігіледі. Мысалы, жібек, тоқыма мата, зығыр, кашемир маталарынан. Сонымен қатар, қоспалы маталардан: жібек пен тоқыманың қосындысы, зығыр мен жібектің қосындыларынан тігіледі, ал кашемир мен тоқыманың қосындысынан кэжуал және смарт кэжуал стиліндегі галстуктер пайда болады. Галстук қолыңызға тигенде жібектей нәзік болуы керек. Галстуктердің классикалық үлгісі тек табиғи жібектен жасалады. Себебі, жібек мата өзінің құрылымының арқасында, шаң тартпайды. Сонымен қатар, қазіргі кезде, 100% полиэстер қоспасымен тігілген галстуктер кеңінен таралуда. Оны нағыз жібек галстуктерден ажырату өте қиын. Бірақ полиэстер жібекке қарағанда қолжетімділеу. 100% микрофибрадан (полиэстердің сапалы түрі) тігілген галстуктер де сапалы, бірақ құны да «сапалы».

Екіншіден, қолдан жасалған ба, әлде, тігін машинасымен тігілген бе, соған көңіл бөліңіз. Көптеген өндіруші өз уақыттарын үнемдеу үшін галстуктерді тігін машинасының көмегімен тігеді. Алайда, бұндай галстуктер қатты болады. Ал қолмен тігілген галстуктер жұмсақ, иілгіш келеді, мыжғыласаңыз, қайта қалпына түседі. Қайта-қайта түйіп, шешіп жүргенде, ешқандай қыртыс қалмайтын болады. Және әдемілеп түйген кезде, түйіншегіңіз қалыпты формасында қалады да, көзге үлкен болып көрінбейді.

Үшіншіден, галстуктің ішкі жағындағы астардың матасына көңіл бөліңіз. Сапалы галстуктің астары галстуктің матасынан тігілуі тиіс. Галстуктің матасы басқа, астары басқа мата болса, бұл – сапаның белгісі емес.

Төртіншіден, галстуктің астар ілетін ілмегі. Ілмек астардың бірқалыпты тұруын «қадағалайды». Ілмек те галстук секілді болуы тиіс. Байқаған шығарсыздар, астар да, ілмек те галстуктің өңіндей болуы керек.

Бесіншіден, дұрыс пішілуі. Мысалы, сапалы галстук симметриялы болады. Оны анықтау да оңай. Қолыңызға ұстап екі ұшын тігінен де, көлденең де біріктіргенде, артық ен шықпауы керек.

Қолмен тігілгенін қалай білуге болады?

Ол үшін галстуктің ішкі жағына назар аударыңыз. Артқы тігіс өте жұмсақ болуы тиіс. Тігіс жиі де емес, сирек те болмауы керек. Тігістің екі ұшы да әдемілеп бекітілуі тиіс.

Қандай өлшеммен алу керек?

Галстукті пенжактың қайырмасының ұзындығына қарап тағу керек. Пенжактың қайырмасы жеті сантиметр болса, галстуктің жалпақтығы да сондай өлшемде болуы тиіс. Егер жеті сантиметрлік қайырмамен жалпақтығы бес сантиметрден кіші галстук тақсаңыз, сіздің мойныңыздағы галстук галстук емес, жіп сияқты көрінеді.  

Ұқсас жазбалар:

Галстукты дұрыс тағудың әдебі

Киімді әртүрлі түймелеудің себебі не?

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Фото: parisiangentleman.fr
Қосылған күні: 21 мамыр 2015, 17:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.