Киімді әртүрлі түймелеудің себебі не?

Киімді әртүрлі түймелеудің себебі не?

Ер адамдар мен әйел адамдар мына себептен де түймелерін әртүрлі түймелейді деп, дөп басып айту қиын. Дегенмен аздаған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, бұл сұрақ жауабының бірнеше нұсқасымен таныс болдық. Әрқайсысының өз алдына уәжі бар. Сіздерге сол көптің ішінінен көңілге қонымды екі нұсқасын ұсынуды жөн көрдік.

1. Әйелдерге арналған киімдердің түймелерін сол жаққа қадау орта ғасырдан бері келе жатыр. Сол кездері Еуропада түймелер әйел адамдардың әшекейі есебінде үлкен рөл атқарған екен. Олар қымбат, аса бағалы тастардан жасалған.

Тіпті, алтын, күмістен, піл сүйектерінен жасалған түймелері олардың дәрежелерін, қоғамдағы орнын білдіріп отырған екен. Ақсүйек әйелдері өз беттерімен киінбеген, оларға әрдайым үй қызметкерлері көмектескен. Осы себептен де, яғни, қызметкерлерге ыңғайлы болу үшін түймені киімнің сол жағына қадаған.

Ал сол кездегі ер адамдар болса, әлбетте, өздері киінген. Сондықтан олардың киімдерінің түймелері оң жаққа тағылған. Оған қоса, еуропалықтар соғысқа қатысқаны белгілі. Қарулы ер-азаматтар қару асынған оң қолын сол жағына салып, жылытуға ыңғайлы болуы үшін түймелерін оң жаққа қадаған.

2. Екінші нұсқасы, ер адамдар мен әйелдердің жейделерін шатастырып алмас үшін олардың түймелерін өзгеше қадаған. Содан барып, жалғыз жейдеге арналған заңдылық бүкіл киім атаулыға ұласқан. 

Ал сіздің бұл сұраққа ұсынар өз нұсқаңыз бар ма? Болса, бөлісе отырыңыздар...

Сурет: 1.bp.blogspot.com

Е. Жұмабайұлы