Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / 2000 жылдары ұлдарға ең көп қойылған есімдер: Александр vs Бекзат

2000 жылдары ұлдарға ең көп қойылған есімдер: Александр vs Бекзат

2000 жылдары ұлдарға ең көп қойылған есімдер: Александр vs Бекзат

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті ұсынған деректерге сүйенсек, биыл Қазақстанда ұл балаларға ең көп қойылған есім – Алихан. Осыдан 10 жыл бұрынғы танымал есімдер тізімінде бірінші орында Ерасыл есімі тұрды. Тағы 10 жылға шегініс жасап көрелік, жаңа ғасырға аяқ басқан қазақстандықтар сол уақытта ұлдарына қандай есім берді?

Статистика комитетінің сайты арқылы әр жыл, ай бойынша нақты деректер алу кез келген компьютер қолданушысы үшін қолжетімді. Сайт әр жылдың әр айында сәбиге ең көп қойылған Топ 20 есімді ұсынады. Іздеу жолағына 2000 жылды және әр айды жекелей енгізу арқылы мынадай мәліметтерге қол жеткіздік.

2000 жылдың қаңтар айынан бастап қыркүйекке дейін Александр есімі көш басында тұрған. Орта есеппен сол уақытта әр ай сайын 152 балаға Александр есімі қойылған екен. Алайда дәл осы жылдың қазан айынан бастап Александр екінші сатыға сырғыйды. Тұғырға Бекзат есімі көтеріледі.

2000 жылдың 15 қыркүйегі мен 1 қазан аралығында Аустралияның Сидней қаласында жазғы Олимпиада ойындары өтті. Бұл Тәуелсіздігін алған Қазақстанның жеке мемлекет ретінде қатысқан екінші Олимпиадасы еді. Байрақты бәсекеде көк туды желбіретіп 3 спортшымыз алтын медальға ие болды. Соның бірі – Бекзат Саттарханов. Небәрі жиырма жастағы ұланның шаршы алаңда қарсылас шақ келтірмей, байрақты бәсекеде топ жаруы, көк туды желбіретіп, әнұранымызды шырқатуы тұтас халқымыздың мерейін үстем етіп, халықтық рухын оятты.

Осы оқиғаның себебінен Қазақстанда қыркүйек айынан бастап дүниеге келген ұл балаларға Бекзат есімі жиі қойылған. Бұрын тіпті үздік 20 есімнің қатарына кірмейтін Бекзат есімі 2000 жылдың қыркүйек айында 73 балаға қойылып, тізімнің 13 сатысына көтеріледі. Ал қазан айында көрсеткіш 220-ға артып, Бекзат ең танымал есімдер тізімінде бірінші орынға шығады. Сонымен қатар қазан айындағы ең танымал есімдердің үздік үштігіне Ермахан есімі де кірген. Бұл айда 109 балаға чемпион Ермахан Ибраимовтың құрметіне оның есімі беріліпті.

Қараша айындағы рейтингте де Бекзат бірінші, Александр екінші орында тұр. Желтоқсан айындағы статистикаға назар салсақ, бірінші орынға Рамазан есімінің көтерілгенін көреміз. Бұл сол жылдары қасиетті Рамазан айы желтоқсанға дөп келгенін білдіреді.

2000 жылдың 31 желтоқсанында тұтас қазақ халқының көңілін босатып, жүрегін қан жылатқан тағы бір оқиға болды. Қыркүйекте Қазақстанды әлемге әйгілі етіп, халықтың ыстық ықыласына ие болған небәрі жиырма жастағы чемпион Жаңа жылды тойлауға санаулы минуттар қалғанда дүниеден өтті.

Жоғарыда ұсынған графикке қарап, Бекзат есімінің екі мәрте шарықтағанын байқаймыз. Бірі – чемпион атанғанда, екіншісі – бұл дүниемен қоштасқанда. Халықтың ыстық ықыласы және чемпионға құрметі, Бекзат есімін ешқашан ұмыттырмай, оның ізін жалғайтын ұрпақ қалыптастыру әрекеті осы бір графикте көрініс беріп тұрғандай.

0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 14 қазан, 20:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.