Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Балама қандай ат қоямын: қыздарға арналған есімдер

Балама қандай ат қоямын: қыздарға арналған есімдер

Балама қандай ат қоямын: қыздарға арналған есімдер

Өткен аптада Қазақтандағы ең танымал ұл бала есімдері жайлы жазған едік. Бүгін нәзік жандыларға арналған есімдер топтамасын дайындадық. Қазақстанда қыз балаға жиі қойылатын есімдер қандай? Бұл сұраққа Статистика комитеті жауап берді. Назарларыңызға 2018 жылы қыз балаларға берілген ең танымал Топ 20 есімді ұсынамыз және бұл есімдердің мағынасын ашуға тырысамыз.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, 2018 жылы Қазақстанда қыздарға ең көп қойылған есім – Айзере. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанда 2018 жылы дүниеге келген 4742 Айзере бар. Тізімнің екінші бағанында Раяна есімі тұр. Өткен жылы 4721 нәрестеге дәл осы есім берілген екен. Ал Мединалардың саны – 3728. Бұл көрсеткішпен аталған есім үшінді орында тұр. Қазақстандағы ең танымал Топ 20 қыздар есімі назарларыңызда.


Айзере – «Ай» және «зере» сөздерінің бірігуінен жасалған бұл есім соңғы уақытта жиі кездеседі. «Зер» сөзі иран тілінен қазақшаға аударғанда «алтын» деген мағынаны береді екен. Яғни, «Айзере» деген есім «Алтынайдың» синонимі десе де болады.

Раяна – Ислам дініне байланысты есім (Жұмаққа кіретін қақпа «раян» деп аталады). Араб тілінде екі мағынасы бар: 1) толық, тегіс; 2) дамыған, жетілген.

Медина – қала атауы. Мұсылман діні өкілдерінің қасиетті орындарының бірі.

Айша – араб тілінен аударғанда «ұзақ өмір сүруші», «өмірге құштар жан» деген мағына береді.

Айару – Айдай сұлу ару қыз болып бойжетсін деген ниетпен қазақ қызына «Айару» деп ат қойған.

Аяла – Тағдыры қатерлерден аулақ болсын, Құдайдың назарында болып, аялап жүрсін деген ниеттен туған есім.

Айлин – бұл есім көбіне түрік қыздарына қойылады. Мағынасы: Ай нұры

Амина – араб тілінен аударғанда адал, сенімді, зиянсыз, сәтті деген мағына береді.

Кәусар – Жұмақтағы өзеннің аты. Араб тілінен аударғанда пәк, мөлдір деген мағына береді.

Асылым – «ең құнды, бағалы дүние» деген мағынада қолданылады.

Айым – аспандағы Айым, жарығым, Айдай сұлуым деген мағына береді.

Адина – иран тілінен «одина» сөзі «әдеміленген» деген мағына береді. Иран халқы аптаның бесінші күні, яғни жұма күні дүниеге келген балаға «Адина» деп ат қояды және көбіне ұл балаларға қояды екен.

Інжу – «маржан» сөзінің синонимі.

Айкөркем – Айдай сұлу, көркем болсын ниетпен қыз балаға қойылатын есім.

Әмина – араб тілінен аударғанда адал, сенімді, зиянсыз, сәтті деген мағына береді.

София – грек тілінен аударғанда ақылды, білімді, дана деген мағына береді.

Сафия – саф таза, тұнық деген мағына береді.

Аяна – араб тілінен қазақшаға аударғандағы мағынасы – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық. 

Аяулым – "менің жаным, қымбаттым" деген мағына береді. 

Аиша – Айша – араб тілінен аударғанда «ұзақ өмір сүруші», «өмірге құштар жан» деген мағына береді.

5
Рейтинг: +4

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: massaget.kz, stat.gov.kz
Қосылған күні: 20 тамыз, 15:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.