Теңгенің долларға қатысты бағамы 345,63-ке тең

Теңгенің долларға қатысты бағамы 345,63-ке тең
Фото: vlast.kz

KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 345,63-ке тең болды.

18 наурыздағы сессия кезінде ең төменгі келісім 344,85 теңгемен, жоғарысы 346,25 теңгемен жасалды. Сауда көлемі 17,4 миллион доллар болды. Сессия барысында 39 келісім жасалды. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 344-347 теңге аралығында саудалап жатыр.

Айта кетейік, 17 наурыздағы таңғы сессия 347,69 теңге қорытындысымен жабылған еді.

Толығырақ: tengrinews

С. Ерсін