Алматыда қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовты еске алу кеші өтеді

Алматыда қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовты еске алу кеші өтеді
Фото: baq.kz

18 қараша күні Алматыдағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында сазгер, қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың 50 жылдығына арналған «Мен қазақпын» атты шығармашылық кеш өтеді.

Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткерінің шығармашылығына арналған кешке Елена Әбдіхалықова, Қанат-Света Айтбаевтар, Сейіл Аяған, Индира Расылхан, Роза Әлқожа сынды өнер иелері қатысады.

«Жанарымның жарқылы» (2000), «Ұнатамын мен сені» (2002) жыр жинақтарының авторы Табылды Досымов көптеген әндердің авторы. Бард ақын 2010 жылғы қараша айында 45 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан қайтыс болды. Ол өмірінің соңғы жылдары Атырау облысы Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болып қызмет еткен.

Дереккөзі: inform

Ж. Өрісбай