Жаңа жыл – 2016. Ойыншықты өзіміз жасайық

Жаңа жыл – 2016. Ойыншықты өзіміз жасайық
Фото: massaget.kz

Шыршаға ойыншықты іні-сіңілдерімізбен, өз қолымыздан жасау көңілді есте қалар іске айналары анық. Төменде шырша ойыншығын дайындаудың бір түрін ұсынамыз.

Шыршаға ойыншық дайындау үшін тоқыма жіп, желім (пва), тырнаққа арналған жылтыр лак, шар, лента, қайшы және ыдыс қажет болады.

Шарды орташа етіп үрлейміз.

Ыдысқа желімді құямыз.

Тоқыма жіпті желімге саламыз.

Желімге салынған жіпті суретте көрсетілгендей етіп шарға ораймыз. Желімді 30 минут шамасында кептіреміз.

Желім кепкен соң, шарды инемен жарып жібереміз. Одан соң дөңгелек жіптің ішінен шарды абайлап аламыз. Жіпті жылтыр лакпен бояп, лента байлаймыз. Шыршаға арналған ойыншық дайын.

А. Жапатова