Жаңажылдық ойыншықтарды қолдан жасау: моншақ шар

Жаңажылдық ойыншықтарды қолдан жасау: моншақ шар

Жаңажылдық ойыншықтарды қолдан жасау

Күні кеше жаздың аптап ыстығына шыдай алмай жүрген сияқты едік, міне, бүгін Жаңа жылға санаулы күн қалды. Мерекеге дайындалуға уақыт та аз, ал қызықты ойлар өте көп. Безендірілген шырша әр жаңажылдық кештің сәні екені анық. Дүкендер түрлі-түсті ойыншықтарға толып тұр. Дегенмен, оларды өз қолыңызбен жасау сіздің отбасыңызға, әсіресе кішкентай балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше мерекелік жағдай жасайды. Оның үстіне, шығындар көбейетін кезде қаражатыңызды үнемдейді. Сонымен, алғашқы ойыншықты назарларыңызға ұсынамыз.

Моншақ шарлар

Мұндай шармен безендірілген шырша кемпірқосақтың барлық түсімен мың құбылып, көз қуантатынына уәде береміз.

 

Қажетті материалдар:

-       Түрлі түсті моншақ немесе бисер

-       Атлас лента

-       Теннис шары (ескі шырша ойыншығы) немесе кішкентай пластмасса доп

-       Желім


Жұмыс барысы:

Моншақтарды сабақталған инеге қалауымызша кезектестіріп тізіп, шарға бекітеміз.


Енді бекітілген жерінен бастап, желім жағып, айналдыра жапсырамыз.

Екі түрлі моншақты қарама-қарсы айналдыра жапсыруға болады.

Соңында моншақтың ілгегін қадап, оған лентаны байлаймыз.

Қиялыңыз бен көңіл-күйңізге қарай түрлендіре берсеңіз болады. Ойыншық дайын! Жаңа жылыңызбен!