8 наурыз. Мерекелік шаш өрімі

8 наурыз. Мерекелік шаш өрімі
Фото: massaget.kz

8 наурыз - керемет көктем мерекесі. Бұл күні табиғи әрі мерекелік кейіпте көріну үшін ерекше шаш үлгісін жасауға болады.

Ендеше бүгін лента көмегімен төрт өрім өруді үйренеміз. Лента көмегімен шаш өру қыздардың нәзік, сүйкімді қырларын көрсетеді. Лента түсін өзіңіздің киіміңізге сәйкес таңдауыңызға болады. 

1. Шашыңызды төбеңізге жинаңыз.

2. Одан соң, лента байлаңыз.

3. Лентаны резеңке көрінбейтіндей етіп байлаңыз.

4. Суретте көрсетілгендей шашыңызды үшке бөліп, лентаны төртінші етіп аласыз. 

5. Лентаны шаштың сол жақ бірінші бөлігінің астына жібереміз.

6. Одан соң, лентаны шаштың оң жақ бірінші бөлігінің үстіне жібереміз.

7. Қайтадан лентаны шаштың сол жақ бірінші бөлігінің астына жібереміз.

8. Лентаны шаштың оң жақ бірінші тұрған бөлігінің үстіне жібереміз.

9. Жоғарыда айтылған әдіспен қайталаймыз.

10. Суретте көрсетілгендей өрім аламыз.

11. Шашымызды өріп болған соң, өрімді қолымызбен босатамыз.

12. Осылайша шаш қалың көрінеді.

13. Қалауыңыз бойынша, түйіп қойсаңыз да болады.

Сурет: Massaget.kz

А. Жапатова