- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Әлемде талай қызық...
Әлемде талай қызық бар: сіз білмейтін деректер #6
Массагет порталы "Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықты бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз.
Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #5
♦ Ұшақпен ұшатын адамның шашы жерде жүрген адамға қарағанда екі есе тез өседі;
♦ Қызанақ көкөніс емес, жеміс;
♦Үндістанның ұлттық валютасы – рупияны бұл елге шеттен әкелуге және мемлекеттен әкетуге заң жүзінде тыйым салынған;
♦ Шаянның жүрегі басында орналасқан;
♦ Қорылдап ұйықтайтын адам мүлде түс көре алмайды;
♦ Аралардың екі асқазаны бар: бірі балға, бірі тамаққа арналған;
♦ Египетте 200 жылда бір рет найзағай ойнайды;
♦ Белгілі актер Чарли Чаплин кейіпкерлері арасындағы байқауға қатысып, үшінші орын алған;
♦ Әлемде әр 10 секундта 26 сәби дүниеге келеді;
♦ Орташа алғанда балалар күніне 400 рет, ал ересектер 15 рет күледі;
♦ Алты-жеті айлығына дейін сәби бір уақытта тамақ ішіп, дем ала алады. Ересектер мұны істей алмайды;
Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #4
♦ 100 жасқа дейін өмір сүретін қарттардың 80 пайызы әйелдер;
♦ Адам терісіндегі тірі организмдер Жердің жалпы тұрғындарынан бірнеше ондаған есе көп;
♦ Дүние жүзінде 365 миллион адамның жеке компьютері бар. Әлем халқының жартысы компьютер мен телефонның не екенін білмейді;
♦ Ғашығына қараған адамның қарашығы 45 пайызға үлкейеді;
♦ Әлемде ешкім көзін ашып, түшкіре алмайды;
♦ Ғарышта көзден жас шықпайды. Гравитацияның жоқ болуы әсерінен жас кішкентай көпіршіктерге айналады да көзді ашытады;
♦ Әр көзде 107 миллионнан астам жасуша бар, олардың барлығы жарықты сезінеді;
♦ Әйелдер ерлердің көзіне қарап, олардың нақты мақсаттарын анықтауы үшін 8 секунд қажет;
Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #3
♦ Нәрестелер заттарды тек 38 сантиметр қашықтықта көре алады;
♦ Бір нәрсе көзге түскенде, жылағанда немесе есінегенде көздің құрамы өзгереді;
♦ Әр түрлі инфекциялар мен вирустар ағзаға мұрын және ауыз арқылы енгендей, көз арқылы да енуі мүмкін;
♦ Құмырсқалар илеуін жылыту үшін алдымен күн сәулесіне шығып жылынады да қайта илеуіне кіреді. Осылай илеудегі температура сыртқы температурадан +10 градусқа жылы болады;
Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #2
♦ Әлемде күріштің 7000 түрі бар. Біз бірақ оның сатылатын 10 шақты түрін білеміз;
♦ 100 грамм бал жинау үшін аралар Жердегі экватор ұзындығынан көп, яғни 46 000 шақырым жүруі керек;
♦ Кәдімгі бақа өмірі барысында 3 тонна шыбын мен масаны аулайды.
Т. Раушанұлы