Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #5

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #5
Фото: kenhthoitiet

Массагет порталы "Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықты бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз. 

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #4 

Бұғы мүйізі – үздіксіз өсетін қатерлі ісік. Алайда бұғының денесінде ісіктің бүкіл денеге таралуына жол бермейтін жасушалар бар;

Карталар метафизикалық мағына ие. Мысалы, 52 карта – бұл жылдың 52 аптасы, 4 түрі – мезгілдер, әр түрдің 13 картасы – ай циклінің 13 фазасы. Егер сіз карталардың барлық мәнін қосса 365 саны шығады. Бұл бір жылдағы күн саны;

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер

Әлем халқының 40 пайыздан астамы ешқашан телефон қоңырауын естімеген. Африкада әрбір 40 адамның бірінде телефон бар;

Бүгінге дейін соғылған ең ауыр тиын – Канада Банкі шығарған 1 миллион долларлық алтын монета. Оның салмағы 100 келі, диаметрі – 50,8, қалыңдығы – 2,54 сантиметр;

Барлық адам түрлі түсті түс көретін болса да, Жер бетіндегі адамдардың 10 пайызы түнде түсінде көрген түсін есте сақтай алмайды;

Әлемдегі адамдардың тек 7% -ы ғана солақайлар;

Лимонның құрамында құлпынайға қарағанда қант көп;

 Түйеқұстың көзі оның миынан үлкенірек;

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #2

Америкалық баскетболшы Майкл Джордан жыл сайын Nike-тен Малайзия зауыттарындағы жұмысшылардың бір жылға алатын ақшасынан көп қаржы алады;

 Азов – әлемдегі ең таяз теңіз. Оның максималды тереңдігі - 13,5 метр.

Ең ақылды адамдар қыркүйек айында туады;

Әлемдегі ең экстремалды жағажай – Сент-Мартен аралындағы Максо жағажайы. Арал шағын болғандықтан, оның жағажайы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағының басында орналасқан. Нәтижесінде, ұшақ қону үшін демалушылардың басынан 10-20 метр биіктікте ұшып өтеді;

Адам көзі кешке қарағанда таңертең жақсы көреді;

Табиғи қара шоколадтың тіске зияны жоқ, сонымен қатар ол каристің дамуын тежейді;

Америкада өндірілетін барлық тұздардың шамамен 1/3 бөлігі жолдарды мұздан тазарту үшін қолданылады;

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #3

Ақ аюлардың жүні ақ болғанымен, терісінің түсі қара, ал, жолбарыстың терісінің түсі оның жүніндей түрлі түсті;

Авокадо – бұл витаминді бомба. Авокадоны үнемі тұтынатын адамның дені сау, тырнағы мықты, шашы берік болады.

Т. Раушанұлы