Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #4

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #4
Фото: travel.tochka

Массагет порталы "Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықты бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз. 

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер

Адамдар өмірінде 27 тоннадан астам тамақ тұтынады, бұл 6 пілдің салмағы. Күмәндансаңыз, күніне қанша тамақ жейтініңізді есептеп шығарыңыз, содан кейін орташа өмір сүру ұзақтығына көбейтіңіз;

Көптеген көкөніс пен жемістің барлығында аз мөлшерде алкоголь бар;

Кептірілген жемістер жаңа піскен жемістерге қарағанда жоғары калориялы. Кептірілген кезде жемістер бастапқы салмағының 80 пайызын жоғалтады. Олардан бу су буланып кетеді;

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #2

Араның бес көзі бар;

Исландияда маса жоқ. Неге деген сұраққа ешкім жауап бере алмайды. Кейбір ғалымдар мұның себебі мұхиттың ылғалды климатына байланысты болуы мүмкін деп санайды;

Аниматор, режиссер, актер және сценарист Уолт Дисней ең көп "Оскар" сыйлығын алған. Ол өмірінде 26 алтын мүсін иеленген екен;

Кейбір тіс пастасында антифриз бар;

"Помидофель" деген өсімдік бар, ол картоп пен қызанақтың буданы;

Жылан үш жыл ұйықтай алады;

Хамелеонның тілі оның денесінен екі есе ұзын;

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #3 

Жердегі әрбір 500 адамның бір көзі көк, екіншісі қара болады;

Ультракүлгін сәулелері микробтарды өлтіреді. Сонымен бірге, ультракүлгін сәулесінің әсеріне ұшыраған жасушалар генетикалық зақымданған болып, қайта қалыпты жұмыс істей алмайды;

Интеллект деңгейі неғұрлым жоғары болса, адам соншалықты бақытты.

Т. Раушанұлы