Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #3

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #3

Массагет порталы "Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықтарды бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз. 

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер

♦ Оттегі жану үшін қажетті зат, ал сутегі жанғыш газ, бірақ олар қосылып су түзеді. Ал су өртті сөндіреді;

♦ 1863 жылы фантаст жазушы Жюль Верн өзінің "ХХ ғасырдағы Париж" атты кітабында автокөлік, факс аппараты мен электрлік орындық туралы жазған. Баспа авторды "есуас" деп, қолжазбаны оған қайтарып берген екен.

Мария Склодовская-Кюри

♦ 1934 жылы қайтыс болған физик және химик Мария Кюридің киімдері мен жеке заттары 100 жылдан астам уақыт радиоактивті саналады. Себебі ол өмірінің соңына дейін улы элементтермен жұмыс істеген және өзі де уланып, 66 жасында қатерлі ісік ауруынан қайтыс болған. Оның жеке заттары Францияның Ұлттық кітапханасында қорғасын құтыда сақтаулы тұр;

♦ Электрлік орындықты тіс дәрігері ойлап тапқан;

♦ Адамның оң өкпесі сол жақ өкпеге қарағанда ауаны көп ұстайды;

♦ Керіктегі (Жираф) мойын омыртқаларының саны адамның мойын омыртқаларының санымен бірдей;

♦ Акула туғанға дейін де қауіпті болуы мүмкін. Мысалы ғалым Стюарт Спрингер жүкті акуланың ішін зерттеген кезде эмбрион оның қолын тістеп алған;

♦ Әлемде ең көп таралған тіл – қытай тілі (1 3 11 мың адам сөйлейді). Екінші көп таралған испан тілі (460 миллион). Ағылшын тілі үшінші орында (379 миллион);

♦ Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта, Египет пирамидалары салынған кезде бүкіл әлемде 30 миллионға жуық адам өмір сүрген екен. Қазіргі кезде әлем халқының саны жыл сайын шамамен 80 миллионға көбейеді;

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #2

♦ Ғалымдар есінеудің физиологиялық себебін әлі анықтаған жоқ. Бір теорияға сәйкес, есінеген кезде адам денедегі оттегі жетіспеушілігінің көп бөлігін алады. Тағы теория бойынша қызып кеткен ми есінеу арқылы  температурасын төмендетеді. Бұл теориялар дәлелденген жоқ. Ал есінеудің жұқпалылығы статистикалық тұрғыдан дәлелденген;

♦ Сібірдегі Байкал көлі – әлемдегі ең терең көл (ең терең нүктесі – 1642 метр). Байкалға тең бассейнді толтыру үшін әлемдегі барлық ірі өзендер – Еділ, Дон, Днепр, Енисей, Орал, Обь, Ганг, Ориноко, Амазонка, Темза, Сена және Одер бір жылға жуық тоқтамай ағуы керек.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді