Месси "Барселонаның" Чемпиондар лигасындағы басты қарсыластарын атады

Месси "Барселонаның" Чемпиондар лигасындағы басты қарсыластарын атады
Фото: Trendolizer

Аргентиналық сұрмерген Лионель Месси "Барселонаның" Чемпиондар лигасындағы басты қарсыластарын атады. Футболшы қандай командалармен жолы түйіссе оңай болмасын командаластарының ойына салғандай.

- Дәл қазіргі уақытта "Манчестер Сити" әлемдегі ең мықты клубтардың бірі. ПСЖ клубын да осал деп айтуға келмейді. "Реал" Чемпиондар лигасынан биыл да үмітті клубтардың бірі. Олардың тәжірибесі мен шеберлігі мол. Ал "Баварияны" нағыз табанды команда деуге болады. Олар соңғы сәтке дейін беріспей ойнай алады, - деді Месси "Marca" басылымына берген сұхбатында.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Барселона" "Челсимен" кездеседі. Командалар арасындағы алғашқы ойын 21 ақпан күні Лондонда өтеді.

Айта кетейік, түнде Испания чемпионатының ХХІ турында "Барселона" өз алаңында "Алавесті" 2:1 есебімен ұтты. Ойында жеңіс голын айып соққысынан Месси соқты.

О. Сансызбай