UEFA футболда балалардың баспен ойнауына тыйым салуы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
UEFA футболда балалардың баспен ойнауына тыйым салуы мүмкін
Фото ©️ massaget.kz, Gol.hr

Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (UEFA) футболда балалардың баспен ойнауына тыйым салуы мүмкін. Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде екен.

БӨЛІСУ

The Telegraph басылымының ақпараты бойынша UEFA президенті Александер Чеферин бұл мәселеге көп көңіл бөлуді басты назарға алған.

- Бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. Егер зерттеу жұмыстары футболда баспен ойнаудың айтарлықтай зиян екенін анықтайтын болса, бұған қатысты нақты шешім қабылдайтын боламыз. Әсіресе балалар баспен ойнағанда денсаулығына қаншалықты зиянды екеніне баса мән беру керек, - дейді Одақ басшысы.

2016 жылы Шотландиядағы Стерлинг университетінің зерттеушілері допты баспен бірнеше рет ұрғанның өзі футболшылардың ми жұмысына зақым келтіріп, жадын нашарлатады деген қорытынды жасаған-ды. Допты баспен қатарынан 20 рет ұрғаннан кейін жадының қызметі 41%-дан 67%-ға дейін төмендейді де, бір күн ішінде қалпына келеді екен.

Зерттеушілер футболшының допты баспен бірнеше рет ұрғаннан соңғы зиянын тәжірибеге алған. Ал футболды тұрақты ойнайтындарда оның әсері қаншалықты күшті болатыны жайлы толық зерттей алмаған.

Айта кетейік, 2016 жылы АҚШ-та 11 жасқа дейінгі балаларға баспен ойнауға тыйым салған болатын.