Роналду Мессидің рекордын жаңартты

Роналду Мессидің рекордын жаңартты
Фото: eurocups-uefa.ru

Мадридтік «Реалдың» көшбасшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендер көшінде бірінші орынға шықты. Донецкілік «Шахтерға» қарсы ойында хет-трик авторы атанып, Лионель Мессиді басып озды.

Криштиану Роналду украиналық клубтың қақпасына 3 гол соқты. Оның екеуін пенальтиден орындады. Нәтижесінде Чемпиондар лигасында соққан голдарының санын 80-ге жеткізді. Ал Лионель Месси португалдық футболшыдан 3 голға қалып отыр. Аргентиналық сұрмергеннің командасы ертең Римде «Ромамен» кездеседі.

Айта кетейік, Криштиану Роналду мен лионель Месси Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендер тізімінде кезегімен көш тізгінін иеленіп келеді. 

О. Сансызбай