Сан-Марино құрамасы твиттерде Роналдуды келекеге айналдырды

Сан-Марино құрамасы твиттерде Роналдуды келекеге айналдырды
Фото: deportes.terra.cl

Футболдан Сан-Марино ұлттық құрамасының «тwitter» желісіндегі жеке парақшасы танымал футболшы Криштиану Роналдуды келекеге айналдырды. Бұл туралы батыстық басылымдар хабарлап отыр.

Сан-Марино құрамасы - Еуропадағы әлсіз ұжымдардың бірі. 2001 жылдан бері сырт алаңда гол соқпаған. Жақында ғана 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Пьер-Анджело Манцароли шәкірттері сырт алаңда Литва қақпасына гол соқты. Құрама жеңіліске ұшырағанмен, түзде соққан голдарына Сан-Марино ойыншылары шын жүректен қуанды. Ал «Twitter» желісіндегі жеке парақшасы құраманы қыркүйек айында гол соқпаған Криштиану Роналдудан жоғары қойды. 

Ө. Сансызбай