Роналду мен Мессидің 2014 жылы соққан барлық голдары (видео)

Роналду мен Мессидің 2014 жылы соққан барлық голдары (видео)

ХХІ ғасыр футболындағы жанкүйерлер басты бәсекелес санайтын футболшылар тізімінің басында Криштиану Роналду мен Лионель Месси тұратыны айтпаса да белгілі. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға футболшылардың осы жылы соққан барлық голдарының бейнебаянын ұсынамыз.

2014 жылы португалдық ойыншы 61 гол соқса, аргентиналық сұрмерген 58 голды еншісіне жазған. Роналду пенальтиден 15 рет қарсылас қақпасын дәл көздесе, Месси бар болғаны 6 ғана пенальти орындаған екен.

Айта кетейік, Криштиану Роналду мен Лионель Месси соңғы 6 жылда жекелей ойыншыға берілетін «Алтын допты» өзара иеленіп келеді. Екеуі биыл да бұл атақтан басты үміткер саналып отыр. Соңғы 3 жылда екі ойыншы да үміткер үштіктен шыққан емес. Сонымен қатар бұл маусымда қақпашы Мануэль Нойер де «Алтын допқа» таласатын болады. Жеңімпаз 12 қаңтар күні Цюрих қаласында өтетін салтанатты кеште анықталады.  

Сурет: noticiasrcn.com

О. Сансызбай