Brazuca матчтарды таратуға көмектеспек

Brazuca матчтарды таратуға көмектеспек

Adidas компаниясы алда келе жатқан Әлем Чемпионатына Brazuca добын жасап шығарған болатын. Жуырда компания шығарған өнімнің жаңа бір қыры таныстырылды. 

Ғажап өнім алты бірдей GoPro камерасымен жабдықталған екен, өз кезегінде, футбол ойындарын мүлдем басқа қырынан тамашалауға мүмкіндік бермек. 

Доп барлық өлшемге сай келгендіктен, Бразилияда өтетін Әлем Чемпионатында ойналатын болады. 

Өндіріп шығарушылар Brazuca добының көмегімен футбол матчтарын тарату керемет әсерлі болатынын жеткізуде.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: 24gadget.ru

Л. Лига