Әлем чемпионатының добы таныстырылды

Әлем чемпионатының добы таныстырылды

Рио-де-Жанейрода футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының ресми добы таныстырылды.

Жаңа доптың аты "Brazuca" деп аталады. Бұл атау өткен жылы дауыс беру арқылы қабылданған болатын. Оған дауыс берген адамдардың 78 пайызы осы атқа қолдау білдірген еді. Әлем чемпионатының арнайы добын "Флуминенсе"  футбол клубының шабуылшысы Фред таныстырды.

Әлем чемпионатының ресми добы болуы 1970 жылдан бері жалғасын тауып келеді. 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен додада футболшылар "Jabulani" добымен өнер көрсеткен болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Әлем чемпионатының ресми добын таныстыру күні Бразилияда дүние есігін ашқан сәбилерге доп тегін берілетіні туралы хабарлаған едік. Сонымен қатар ФИФА ұлттық құрамаларды себеттерге бөлуде өзгерістер енгізді. Ал қызық дерек ретінде, осы "мундиальға" баратын ең қымбат футболшылардың рейтингін ұсынамыз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz, marca.com

Ө. Сансызбай