Біздің астанамыз - Астана

Біздің астанамыз - Астана
жеке
блог

              Біздің астанамыз - Астана

      Астана - отанымыздың жүрегі,   тәуелсіздігіміздің тірегі.

                                      Н.Ә.Назарбаев

Астана - асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің XI-XIII ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп қонып жүрген.Өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ - қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық X-XIII ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған, Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсінен таңдауы кездейсоқтық емес. Астана шаңырағы даму үстінде және әлі де шарықтай түспек. 

"Астана" сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша астана-сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді. 

1830 жылы Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының ең алғашқы іргетасы қаланған болатын. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланды. Сосын Орынбор орталығымыз болды. Ал 1925 жылы Қазақстанның орталығы Орынбордан Ақмешітке көшірілді. 1929 жылы Верный (Алматы) қаласына көшірілді. Содан соң Ақмола Астана болып 1998 жылы жарияланды. 

Астанамыз 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен "Әлем қаласы" атағына ие болды. 

Астана-Елбасының тарихи қолтаңбасы. "Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл-бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала.Бұл-біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жолы енді ғана басталатын қала.Бұл-біздің жол, Қазақстан жолы" - дейді Н.Ә.Назарбаев. 

Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш-Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.