Х. Колумб өзінің экспедициясында неге Үндістанға жол тартты?

Х. Колумб өзінің экспедициясында неге Үндістанға жол тартты?
жеке
блог

    Христофор Колумб Үндістанға барамын деп Американы ашқаны барлығымызғы мәлім. Ал оның Үндістанға жол тартқан себебі бүгінгі күні бізге түсініксіз болып көрінер: дәмдеуіштер мен жаңа сауда жолдарын іздеуде барған екен. Орта ғасырларда дәмдеуіштер үшін ұлы державалар қанды шайқасқа шыққан. Бұл жағдай таңқаларлық болып көрінеді: шынымен де тамақтың дәмін келтіру үшін өзіңнің өміріңе қауіп төнетіндей саяхатқа шығудың қажеті болды ма?

  Соңғы зерттеулер бойынша бұған елеулі себептер болғанын көрсетеді. Тарихшылардың пайымдауынша, адамзат ежелден бері «еттің» иісін кетіру үшін әр түрлі дәмдеуіштерді қолданған. Көптеген дәмдеуіштер ежелгі дәуірден бері Еуропада өте жоғары бағаланған және құны алтыннан төмен емес болғанды. Дәмдеуіштер тіпті жеке валюта ретінде қолданылған, сондықтан көптеген билеушілер шығыс плантациясына жол табуға тырысты. Дәмдеуіштердің арқасында теңізшілер дүниежүзілік саяхатқа шықты, жаңа әлемді ашты және Үнді мұхитына балама жол ашылды.

    5 мың жыл бұрын шығыс пен батыс елдері арасында дәмдеуіштер керуен арқылы түйелермен тасымалданған және бұл керуен үшін өте қауіпті, өйткені қарақшылар жиі шабуыл жасап тұратын. Еуропаға келген алғашқы дәмдеуіштер бұрыш пен даршын. Уақыт өте келе бұл тізім де ұлғая түсті. Шафран, бұрыш, даршын секілді дәмдеуіштер ең қымбат дәмдеуіштер тізімінде болған, өйткені оларды алу әдісі өте күрделі. Мысалы, 1 кг шафран алу үшін 200 мыңға жуық шафран гүлін қолмен өңдеу керек.

    Осылай ша Христофор Колумб өзінің сапарында Үндістанның шығыс бөлігіне шығуға үміттенеді. Алайда, таңқаларлығы, ол жаңа континент ашып онда чили бұрышы мен ванильді тапты. Колумбтың экспедициясынан кейін бірнеше жылдан соң Үндістанға баруды армандаған Васко да Гама өз экспедициясын құрады. Ол бұрын зерттелмеген жолмен Африка жағалауларынан жүзіп өтіп Үндістанға жетті, онда ол өте құнды жүкке қол жеткізді - қара бұрыш, қалампыр, сонымен қатар мускат жаңғағы, имбирь және даршын.