Адамзаттың арманы айға ұшу

Адамзаттың арманы айға ұшу
жеке
блог

  Адамзаттың бүгінгі күнгі бірден-бір арманы айға ұшу.Сол бағытта қазір көп деген жұмыстар жүргізіліп жатыр.Илон Масктың кемесі ,NASA ұйымы және де басқа әрекеттер.Ия айды көру,одан өтсе марсты көру әркімге арман.Себебі адамзат тылсым дүниеге құмар.

  Енді бұл құмарлықтың астында не бар? Не үшін барша адамзат жерден кеткісі келеді? Мәселеның астына терең түсіп,үңіліп көрдіңізбе?

  Біз жер ғаламшараның тұрғындары,бұл тіршілікте өмір сүріп келе жатқанымызға милиондаған жылдар болды.Алғашында ежелгі адамдар тіршілік етті.Еңбек пен тердің арқасы адамды бүгінгі күніне жетеледі.Ғаламшардағы 1 құрлық кейіннен 7 құрлық пен 4 мұхиттың пайда болуына алып келді.Жыл өткен сайын сан түрлі ғалымдар жердің сырты мен ішіне қызыға түсті.Әр құрлықты картаға түсірді.Әр мұхитты тереңінен зерттеді.Әлемдегі барша жан-жануар,өсімдік,жасыл денелердің ішкі және сыртқы құрылысын,ұсақ түйегіне дейін,көзге көрінетін,көрінбейтін бөлігіне дейін зерттеп ашты.Жаңа,тың дүниелер ойлап тапты.Заман дамый түсті.Ғаламшар шетінен-шетіне лезде жетуге болатындай дәрежеге келді.Адамдар барлығын көрді.

   Дәл сол процестер барысында жан-жағымыздағы өзімізді баурайтын,бізге пайдасы көп бір үлкен дүниеден айырылдық.Ол-табиғат.Жануарды зерттеу барысында олардың терілерін үстімізге киіп,мүйіздерін дәрі қылдық.Санын азайттық.Өсімдіктерді де көктемде қызық көріп тердік,мөлшерін төмендетіп алдық.Суымыз лайланды.Дамыған техника,кәсіпорын,үлкен заводтарды салдық деп қуанғанымызбен ауамыз ластанды.Көлік міндік,тез жылдам жүреміз дедікте,атмосфераның бұзылғанын байқамадық.Көк жайлау,көктемгі керемет көрініс,қараңғылау кейіпке енді.Жалпы ғаламшар ластанды.Десекте заман әрі қарай жылжиды.Әрі қарай экология кері процесін жалғастырады.

  Енді бұндай күйбеңде тірлікте,шаң басқанда қараңғы көріністе өмір сүру кімге ұнайды?

 

Сылтау қып жан-жақтағы кең дүниені

Ластадық,бұзылғанда жердің беті

Ауа кетті,су лайланды,өсімдікте

Жануар және адам кенді терді

------------------------------------------- 

Айға жету арманы адамзаттың

Себебі қызығы жоқ жердің енді...