Туристер үшін  «Титаникке» экспедиция ұйымдастырылмақ
жеке
блог

Туристер үшін «Титаникке» экспедиция ұйымдастырылмақ

Ресми мәліметтерге сәйкес,Солтүстік Атлантикадағы шамамен 4 км тереңдікте орналасқан лайнерге сүңгу  15 жыл мүмкін болмады. Бірақ,жағдай 2021 жылдың мамыр айында өзгермек, себебі американдық OceanGate Expeditions компаниясы лайнердің сақталған бөлігіне арналған турларды сатылымға шығармақ.

Құрамында үш турист,ғылыми зерттеушісі мен жүргізушісі бар тур Titan жеке сүңгуір қайығы арқылы мамыр-қыркүйек айлары аралығында жалғасын таппақ.8 күнге  жоспарланған экспедиция Ньюфаундленд провинциясындағы ірі Сент-Джонс қаласынан басталады (Канада). Ал,лайнерге жету уақыты шамамен алты сағаттан сегіз сағатқа дейін созылады.Туристерге сүңгуір қайықты басқаруға және есте қалу мақсатында селфи жасауға рұқсат берілген.

Сегіз күндік турдың бағасы $125 000 қамтиды.

Сонымен қатар, OceanGate Expeditions президенті Стоктон Раш Титаник турларын экспедициялық бағытта ұйымдастыратынын,ЮНЕСКО қорғауындағы лайнерді туристік объектіге айналдыратын ниеті жоқ екенін ашып айтты. 




Жұлдызды блогтар