жеке
блог

Ағылшын тіліндегі жиі қолданылатын сленгтер

1.Unreal /ˌʌnˈrɪəl/ - /анри́эл/—адам сенгісіз,шындыққа жанаспайтын. (un + real = not real (не + реальный)

The fashion model looked unreal, like a doll. —Мәнекенші адам сенгісіздей,тура бір қуыршақтай көрінді.

He lives in a world which would be totally unreal to the rest of us. — Ол барлығымыз үшін мүлде шындыққа жанаспайтын әлемде өмір сүреді.

2.Props /prɒps/ - /пропс/—  құрметтеу,сыйлау(респект). “Proper recognition” немесе “proper respect”  сөздерінен шыққан.Мағынасы:тиісті немесе міндетті құрмет көрсету.

Props Ali for his help.—Көмек көрсеткені үшін Әлиге құрмет (респект).

Unfortunately, he dont pass the exam but props for time and efforts! —Өкінішке орай,ол емтихан тапсырмайды,бірақ оған күш-жігері үшін құрмет!

3.Kudos  /ˈkjuːdɒs/ - /кьюдос/— бәрекелді,жарайсың,бәлі,құрмет,сый!

Компьютер ойындарының жанкүйерлері де ойында  «kudos» сөзін марапат не ұпай қосқанда айта алады.

Kudos for organising this party. — Кеш тамаша ұйымдастырылған.Жарайсың!

He’s got much kudos for the work. — Ол қызметінде көптеген құрметке ие болды.

4.Bottom line  / ˈbɒtəm laɪn / - /ботэм лайн/ —мәнісі,тобықтай түйіні,сөз төркіні.Тура мағынасы: «воttom – төменгі, line- сызық»,яғни төменгі жол,төменгі сызық.

The bottom line is he love his parents. —Сөздің түйіні,ол ата-анасын жақсы көреді.

5.Diss /diss/ - /дисс/—Әлдекімнің адресіне жағымсыз,дөрекі пікір айту.

He dissed my boss! This is so awful! You must show some respect!—Ол менің басшыма тіл тигізді!Сұмдық!Сыйластық танытуың қажет!

6.Dig /dɪɡ/ - /диг/—рахат алу,ляззат алу.Тура мағынасы: қазу,жер қазу.

I'm digging the music. —Мен музыкадан рахаттанамын.

7.Budge up/bʌdʒ ʌp / - /тадж ап/—жылжу,орын бойынша жылжу.

I want to sit down too, could you budge up a little, please? —Менің де отырғым келіп  тұр,кішкене орын жылжи аласың ба?

8. All right? /ɔːl  raɪt/ - /ол райт/— «Сәлем,қалың қалай?»

— All right? (Ал,жақсымысың?)

— Good thanks, you all right? (Жақсы,рақмеь;өзің?)

9. Cheers /tʃɪəz/ - /чеез/—Ура!Сіздің саулығыңыз үшін!

Бұл сөз біреудің құрметі үшін бокал көтеріп,тост айтылар алдында айтылады.

Cheers everyone! Happy New Year! — Бәріміздің денсаулығымыз үшін!Жаңа жыл құтты болсын!

10.Botch /bɒtʃ/ - /бо:ч/— бүлдіру,жарамсыз ету.

Сөз “to botch something up” және “to do a botch job” тіркестерімен кездеседі.Екеуінің де мағынасы: «дөрекі жасалған нәрсе».

The builder did a job on the roof. He just botched it up, and it still leaks every time it rains! —Құрылысшы шатырды жөндеді. Оны апыл -ғұпыл жасағандықтан жаңбыр жауғанда шатырдан су кетеді.

 

 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда