Антарктидадағы концерт

Антарктидадағы концерт
жеке
блог

2013 жылдың  8 желтоқсаны  күні  америкалық  «Metallica» (Металлика)  рок-тобы  Freeze 'Em All атты концертін Антарктидада өткізген.

Концерт Аргентинаның  «Карлин» ғылыми станциясында арнайы күмбез астында болған. Жергілікті  фаунаны шошытып алмау мақсатында 120-ға жуық  көрермен музыканы құлаққап арқылы тыңдаған және концерт ғаламтор желісі арқылы таратылған.

Қатаң климаттық жағдайға қарамастан жанды дауыста бір сағат көлемінде он ән шырқалған. Сонымен қатар рок-топ бір жыл ішінде жер шарының алты материгінде концерт қойған алғашқы және жалғыз топ болды.